Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Жаңашыл ұстаздарға әдістемелік көмек

Жаңашыл ұстаздарға әдістемелік көмек

Қазақ тілін жаңаша мазмұнда оқытуда мұғалімдермен бірлесе жұмыс жүргізу тиімді нәтижеге бастау болады. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек кафедраның тренерлері және курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияны енгізу зертханасы мамандары тарапынан ұйымдастырылған.

Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Зайсанбаева Г.Н., зертхана меңгерушісі Бексолтанова Т.Т. және Өскемен қаласының «№27 орта мектебі» қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Байсалбаева Ж.З. тілдік дағдыларды тиімді меңгеруде қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу бойынша өзара пікір алмасты. Тренер және әдіскер тарапынан педагогке тиімді кеңестер ұсынылып, сабақ жоспарлауда қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеудің тиімді жолдары талданды.

Вы здесь: Home Апта күнделігі Жаңалықтар Апта күнделігі Жаңашыл ұстаздарға әдістемелік көмек
Яндекс.Метрика