Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - ЖОО-мен ынтымақтастық

ЖОО-мен ынтымақтастық

2019 жылдың 6-8 тамызы аралығында ШҚО бойынша ПҚ БАИ "Өрлеу "БАҰО" АҚ филиалының Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Сайлыбаева Айгүл Сағынганқызы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті бойынша модульдік білім беру бағдарламалары мен оқытушыларының силлабустарына жаңартылған білім беру мазмұнының негіздерін енгізуді бақылау бойынша сараптама комиссиясының жұмысына қатысты.

 

Тексеру барысында комиссия кафедраларға келесі бағыттар бойынша ұсыныстар берді: мақсаттар мен міндеттерді қою, білім алушылардың негізгі құзыреттілігін анықтау, университетте білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалауды енгізу ерекшеліктері.

Тексеру қорытындысы бойынша университетте жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша оқытушылар үшін семинар-практикум өткізу жоспарлануда.

Яндекс.Метрика