Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингі

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингі

«PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингі

   2015 жылдың сәуір айының 3-18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының 15 жасар оқушылары негізгі халықаралық PISA зерттеуіне қатысады. Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы осы кезеңнің басым бағыты – ғылыми - жаратылыстану сауаттылығы.

 

   Осыған байланысты наурыз айының 16-17 күндері «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері облыс педагогтері үшін «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында семинар - тренингін өткізді.

   Семинардың мақсаты – PISA бағдарламасының тапсырмаларын орындауға оқушыларды даярлауда белсенді оқыту стратегиялары арқылы педагогтердің біліктіліктерін дамыту.

   Семинарға оқу, математика, жаратылыстану сауаттылықтары бағыттары бойынша 46 мұғалім қатысты. Сонымен қатар, семинарға Шығыс-Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы және «Шығыс» өңірлік орталығының қызметкерлері қатысты.

   Семинарға қатысқан педагогтер өткізілген тренингтердің өзектілігі мен белсенді оқыту стратегияларының өз тәжірибелерінде қажеттілігін атап өтті.

Вы здесь: Home Бірегей білім беру жүйесі: бүгінгі тәжірибесі және болашағы Жаңалықтар Бббж: бүгінгі тәжірибесі және болашағы «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар-тренингі
Яндекс.Метрика