Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Бірінші кезекте мемлекеттік тіл болуға тиіс» деп санайды американдық профессор

«Бірінші кезекте мемлекеттік тіл болуға тиіс» деп санайды американдық профессор

17 қыркүейкте  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институтын мен  Шығыс Қазақстан Лингвистикалық  орталығы өзара ынтымақтастық жұмыс туралы жасалған Келісімшарты  аясында  Индиана Университетінің профессоры (АҚШ) Вильям Фиерманмен  кездесу  өткізді. Профессор Вильям Фиерман Қазақ хандығының 550- жылдығына арналған  іс-шараларға  шақыруымен келіп, Өскеменге де  осы шаралар аясында ат басын тіреген екен.

Американдық профессор 1,5 сағат бойы ұстаздар жаудыртқан сұрақтарға   таза,  әдеби қазақ тілінде жауап беріп, жиналған тіл мамандарын таң қалдырды.  Вильям мырза  әзірге 8 тілді ғана: португал, француз, испан, орыс, қазақ, әзірбайжан, қырғыз, өзбек тілдерін меңгергенін айтып, алдағы уақытта  түрік, қытай тілдерінде сөйлеп кетуді мақсат ететінін атап өтті.  Көптілділік бағдарламасы туралы мұғалімдердің  сұрақтарына ғалым: «Өз басым  әр елдің азаматтары, бірінші кезекте, ұлтына қарамастан,  өз мемлекетінің тілін білуге міндетті деп санаймын. Ал ағылшын тілін білу  барша  халыққа  қаншалықты қажет екенін  айту мен үшін  қиын», -деп кесіп айтты.

ШҚ Лингвистикалық  Орталықтың директоры Б. Ағажаева мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ  ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институтының баспа бөлімінің бас маманы  Г. Құсманова американдық ғалымға жиналған ұстаздар атынан алғыстарын білдірді.

Вы здесь: Home Бірегей білім беру жүйесі: бүгінгі тәжірибесі және болашағы Жаңалықтар Бббж: бүгінгі тәжірибесі және болашағы «Бірінші кезекте мемлекеттік тіл болуға тиіс» деп санайды американдық профессор
Яндекс.Метрика