Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» халықаралық вебинар

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» халықаралық вебинар

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2016 жылға арналған Жедел жоспарға сәйкес Санкт-Петербург қ.«Институт непрерывного образования взрослых»қосымша кәсіби білім беру федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесімен бірлесе «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің  кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты халықаралық вебинар  өткізді.

Мақсаты: Қазақстан білім жүйесін жаңғырту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және қалыптастыру үшін педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануды теориялық негіздеу, жинақтау және талқылау.

Вебинар жұмысынаФГБОУ ДПО «Институт непрерывного образования взрослых», ФГКОУ «Санкт-Петербургский кадетский военный корпус Министерства обороны Российской Федерации» ғалымдары және педагогары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдары Алматы қаласы, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Костанай, Мангыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары сонымен бірге Ақтобе облысының 4 мектебі және Шығыс-Қазақстан облысының  21мектебі қатысты.

Вебинар қатысушылары педагогтардың баяндамаларының маңызылығын атап өтті және болашақта үздіксіз білім берудегі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытуда бірлесе жұмыс істеу қажеттілігін атап көрсетті.

Вебинардың материалдары, бұл жерде жүктеу.

Вы здесь: Home Бірегей білім беру жүйесі: бүгінгі тәжірибесі және болашағы Жаңалықтар Бббж: бүгінгі тәжірибесі және болашағы «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» халықаралық вебинар
Яндекс.Метрика