Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Халықаралық вебинар

Халықаралық вебинар

2016 жылдың 29-ші тамызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында ұйымдастырылған «А.Г.Мордкович, П.В.Семенов, О.С.Сатыбалдиевтің «Алгебра және анализ бастамалары. 10-11 сынып» атты оқулығының әдістемелік және ғылыми негіздері» тақырыбындағы Халықаралық вебинарға қатысты.

 Вебинар мақсаты: әдістемелік тұрғыдан авторлармен тікелей іс-тәжірибе алмасу.

Вебинар аясында қатысушылар ресейлік авторларының 10-11 сыныптарда анализ бастамалары және алгебраны оқыту ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы математикалық білімді тиімді қолдану үшін оқулықтар сапасының өзектілігі аталып өтілді.

Вебинарда авторлардың оқулықты әзірлеу бойынша іс-тәжірибе бөлісуі жоғары мазмұндылығымен бағаланды.

Яндекс.Метрика