Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысу

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысу

   2016 жылдың 23 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Біліктілікті арттыру жүйесі: педагогтің кәсіби дамуындағы инновациялық шешімдер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясына қатысты.

   Пленарлық отырыс педагог кадрлардың отандық және халықаралық тәжірибесінің инновациялық шешімдерін және кәсіби өсуін талқылауға арналды.

   Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін инновациялық технологияларды тәжірибеде қолдану мәселелері үш панелдік сессия аясында қарастырылды.

  «Біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтің кәсіпқойлығын дамыту» сесиясында филиалдың білім сапасы және басқару кафедрасының аға оқытушысы пс.ғ.к., Кукина Ю.Е. «Становление личности профессионала: регулятивная компетентность педагога-лидера» тақырыбымен баяндама жасады. Көрсетілген тақырыппен мақала (авт. Кукина Ю.Е., Касенева А.Н.) конференцияның материалдар жинағына кірді.

  Конференцияға қатысушылар жұмысты қорытындылай келе, баяндамалардың мазмұндық және тәжірибелік маңыздылығын атап көрсетті. 

Яндекс.Метрика