Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі

2017 жылдың 24 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Қызылорда облысы  бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция өткізілді.

   

Конференция білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаратылыстану – математикалық және қоғамдық гуманитарлық мұғалімдердің инновациялық іс-тәжірибелерін өнімдік тарату және қолдау мақсатында өткізілді.  

Конференция жұмысына  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Р.С.Чекетаева қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту аясында тарих пәні мұғалімінің түйінді құзыреттіліктері жайлы айтып өтті.

Сондай-ақ, мұғалімдер өз кәсіби шеберліктерін жетілдіруде қиын қызметті орындауда тиімді және жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тарих пәні мұғалімінің түйінді құзыреттіліктерін атап өтті. 

Вы здесь: Home Бірегей білім беру жүйесі: бүгінгі тәжірибесі және болашағы Жаңалықтар Бббж: бүгінгі тәжірибесі және болашағы Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі
Яндекс.Метрика