Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Республикалық бейне-сабақ және бейне-дәріс сайысы

Республикалық бейне-сабақ және бейне-дәріс сайысы

 

Құрметті әріптестер!


      «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты тақырыбында білім беру ұйымдарының оқытушыларына арналған бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық байқауын өткізу туралы хабарлайды және облыстың үздік ұстаздарын қатысуға шақырады.
        Барлық мәселелер бойынша инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне хабарласа аласыздар. Байланыс телефоны 8/7232/703858 немесе электронды адреске
omoiripk@mail.ru, сайыстың ережесін осы сілтемеден көшіруге болады

Қазақша                                    Орысша

 «Педагогикалық идеялар панорамасы»

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің

жыл сайынғы Республикалық конкурсы туралы Ереже 

1.             Конкурстың жалпы ережелері

Осы Ереже мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеяларпанорамасы» Республикалық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу және қатысу тәртібі мен талаптарын реттейді

Конкурс Қазақстан Республикасы Президентінің  Н. Назарбаевтың«Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері (10.01.2018ж. және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: кірістер мен өмір сапасының артуы» (05.10.2018ж.) атты Жолдауларын іске асыру аясында өткізіледі.

1.1. Конкурс мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары педагогикалық қызметкерлерінің заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тиімді практикаларын және озық тәжірибелерін таныстыру мен тарату формаларының бірі болып табылады

1.2. Конкурсты өткізу білім беруді дамытып, озық педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Конкурс педагогтардың кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерінің өсуіне қызмет етеді, ал олардың үздіктері қоғамдық мойындауды алады.

1.3. Конкурстың ұйымдастырушысы – «Өрлеу»  Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»  Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Өрлеу» БАҰО» АҚ).

1.4. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін Орталық ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымкомитет) құрылады, оның құрамын Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасы мен  өңірлік  және республикалық кезеңде Конкурсты ұйымдастыру мен өткізу үшін жауапты «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының әрбір базасындағы Өңірлік ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі - ӨҰК) анықтайды.

2. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1 Конкурстың мақсаты – біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

2.2. Конкурстың міндеттері:

-       педагогтың мәртебесін нығайтуға және оның беделін көтеруге жәрдемдесу;

-       үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету;

-       білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту;

-       ҚР виртуалдық білім берудің кеңістігінде үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын ұлғайту.

3. Конкурс мынадай бағыттарды қамтиды:

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар;

- орта білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар;

- техникалық және кәсіптікоқытудағы заманауи технологиялар;

- жоғары білімді оқытудағы заманауи технологиялар;

- қосымша білім беруді оқытудағы заманауи технологиялар.

4.   Конкурстың тілі

Қазақ, орыс, ағылшын.

5.   Бейнематериалдың мазмұны мен түрі:

- дәріс (оқыту мен тәрбиелеу әдісі, белгілі бір саладағы идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);

- сабақ (оқу жұмысын ұйымдастыру формасы, осы жағдайда педагог оқу бағдарламасында айқындалған білім алушыларға қойылған дидактикалық және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізу үшін саналуан әдістерді пайдалана отырып, нақты кесте бойынша тұрақты құраммен дәл белгіленген уақыт шеңберінде  жұмыс жасайды);

- практикалық/лабораториялық жұмыс (теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту, дербес сынақтан өту дағдыларын дамыту мақсатындағы өздік практикалық жұмыс түрлерінің бірі);

- семинар (жетекшінің тапсырмасы бойынша жекелеген мәселелерді, проблемларды, тақырыптарды білім алушылардың өздігінен оқып үйренуіне құрылған, артынша материалды  баяндама, реферат түрінде рәсімдейтін және оны бірлесіп талқылайтын оқу процесінің формасы);

- шеберлік сыныбы (өзінің белгілі бір шығармашылық саласында, педагогикалық қызметте маман өткізетін  тәжірибелік шеберлікті жетілдіру бойынша оқытудың айрықша әдісі және нақты сабақ).

6.   Конкурсқа қатысу тәртібі

6.1. Конкурсқа ведомстволық бағыныстылығына, меншік түрі мен нысанына қарамастан жиырма екі аталым бойынша білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері қатыса алады. (2- қосымша).

6.2. Конкурсқа педагогтар жеке дара, сондай-ақ шығаршылық ұйымдар арқылы қатысуға құқылы.

6.3. Конкурсқа қатысушылар беретін бейне материалдар саны шектелмейді. Әрбір  бейне материалға Конкурсқа қатысу өтінімін толтыру қажет (3-қосымша).

6.4. Конкурсқа қатысуға бұрын жарияланбаған, басқа конкурстарға қатыспаған, интернет желісіне орналастырылмаған бейне материалдар жіберіледі.

6.5. Конкурсқа ұсынылған бейне метериалдар «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ  қолдауымен немесе бірлесіп жасалуға тиіс.

7.   Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Конкурс үш кезеңде өткізіледі.

7.1. Бірінші  кезеңдаярлық, мыналарды қамтиды:

7.1.1 орталық және өңірлік ұйым комитеттерін құруды (бұдан әрі –Ұйымкомитет және ӨҰК тиісінше);

7.1.2 өңірлік Сараптама кеңестерін  құруды;

7.1.3  Конкурсты даярлау мен өткізу жөнінде Ұйымкомитеттің біріңғай іс-шаралар жоспарын әзірлеуі;

7.2. Екінщі кезең – өңірлік, қызметтің мынадай түрлерін қамтиды:

 7.2.1 ӨҰК конкурсқа қатысу өтінімдерін жинайды және жетекшіні (лерді) анықтайды.

7.2.2 жетекші (лер) міндетті түрде конкурс жұмыстарын жасау/жетілдіру бойынша әдістемелік және техникалық көмек көрсетеді, бейнематериалдың карточкасын толтырады (4 қосымша, электронды түрде Ұйымкомитет жіберетін болады).

7.2.3 бейнематериал жасалып, жетілдірілгеннен кейін  жетекші (лер) оны «Өңірлік конкурс материалдары» папкасындағы  тиісті аталымдар бойынша тарауларындағы бұлтқа жүктеу үшін ӨҰК-ке жібереді. Бейне материалды жүктеген кезде файлдың атауы бейне-сабақтың және (немесе) бейне-дәрістің атауына сәйкес болуы тиіс.

7.2.4 конкурстық жұмыстарды жүктеу кезеңі аяқталғаннан кейін ӨҰК барлық материалдарды өңірлік Сараптама кеңесіне береді.

7.2.5 Сараптама кеңесі критерийлерге сәйкес конкурс жұмыстарына бағалауды жүзеге асырады және ӨҰК-ға Республикалық кезеңге қатысу үшін  әрбір аталым бойынша үш үздік жұмысты ұсынады.

7.2.6 филиалдың ӨҰК Ұйымкомитеттің атына 5 қосымшаға сәйкес әрбір аталымда  Конкурстың өңірлік кезеңінде жүлделі орын алған үш фильмге сілтемені жолдайды. (Ұйымкомитет электронды түрде жіберетін болады). Сондай-ақ электронды түрде Ұйымкомитеттің атына ӨҰК төрағасы куәландырған баллдармен Сараптама кеңесі отырысының хаттамасы да жолданатын болады (әрбір критерий бойынша, PDF форматында) Республикалық  кезеңде Конкурстың өңірлік кезеңіндегі алынған балдар есептелінбейді.

7.3. Үшінші кезең  – республикалық, мыналарды қамтиды:

7.3.1 Ұйымкомитет жиырма екі аталым шеңберінде конкурс жұмыстарының біріңғай тізімін қалыптастырады және оны Сараптама кеңестерінің бағалауы үшін әрбір филиалдың РӨК-на жөнелтеді (6 қосымша, электронды түрде Ұйымкомитет жіберетін болады).

7.3.2 Республикалық кезең өңірлік Сараптама кеңестерінің дауыс беруі нәтижесінде  үздік жұмыстарды іріктеуімен аяқталады.

7.3.3 Әрбір филиалдың ӨҰК электронды түрде ( Microsoft Excel және PDF форматында)Ұйымкомитеттің атына сарапшылар мен ӨҰК төрағасы куәландырған Сараптама парақшаларын жолдайтын болады (6 қосымша, электронды түрде Ұйымкомитет жіберетін болады).

7.3.4 дауыс беру нәтижесінде алынған жиынтық балдар қорытынды болып табылады.

7.3.5 Ұйымкомитет өңірлік кезең жеңімпаздарын (жиырма екі аталымда 1,2,3 орын алған)   «Өрлеу» БАҰО» АҚ білім арнасындағы You Tube-те  орналастырады.

7.4.  Конкурс қорытындылары «Өрлеу» БАҰО» АҚ сайтында орналастырылады.

7.5. Кезеңдер мерзімдері «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының бұйрығымен анықталады.

7.6. Авторлық құқықтар.

Конкурсқа қатысушы өзінде кез келген нысанда және кез келген әдіспен пайдалануға болатын мүліктік және мүліктік емес (айрықша) авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді. Конкурсқа қатысушылар үшінші тұлғалардың  авторлық (сабақтас) құқықтарын бұзғандығы үшін жеке жауапкершілік көтереді.

Қатысушы тапсырған және Конкурста пайдаланылатын зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардың бұзылуына байланысты үшінші тараптардың талаптарын Конкурсқа қатысушы өз күштерімен және өз есебінен шешуге міндеттенеді.

Конкурсқа өз жұмысын жібере отырып, автор тапсырылған материалды Конкурстың ұйымдастырушысына  олардың ұйғарымы бойынша шектеусіз мерзім бойында ақысыз (сыйақы төлеусіз) шарт қоймай пайдалану  құқығын, Конкурсқа қатысқан бейнені жария тарату оның ішінде оны интернет желісіне, телебағдарламаларға орналастыру, шығармашылық жобаларға қосу, БАҚ-та жариялау, одан кейін тарату, шығармашылық өңдеу құқығын қоса алғанда (алайда олармен шектелмей) және т.б.)  автоматты түрде береді. Конкурсқа жіберілген жұмыстар (бейне) рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Қатысушы Конкурсқа қатысуымен Конкурс ұйымдастырушысына дербес мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, электронды почтатасының мекенжайын, бейнелелеуді (фотографияны) және өзге дербес мәліметтерді) пайдалануға және өңдеуге өз келісімін береді.

Конкурсқа барлық қатысушылар өз аттарын, тектерін, әкесінің аттарын, және бейнелеулерді (фотографияларды) Конкурс ұйымдастырушысының сайтына орналастыруға, сондай-ақ баспасөз басылымдарына, радио- және телевизиялық хабарларға, Интернет-БАҚ-қа және ақпаратты өзге бұқаралық ақпарат құралдарында, You Tube, Facebook-ты қоса алғанда (шектеусіз) таратуға өз келісімін береді .

8. Конкурсты бағалау критерийлері:

8.1. педагогикалық идея: педагогикалық идеяны ашу - автор өзінің жеке педагогикалық тәжірибесінде қолданатын педагоикалық ережелердің, тұжырымдамалардың немесе технологиялардың бейнематериалда көрінуі;

8.2. өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы;

8.3. практикалық бағыттылығы;  

8.4. материалдың әдістемелік құндылығы;

8.5. педагогикалық идеялардың жан-жақтылығы – білім алушылардың әртүрлі категориялары үшін педагогикалық идеяларды басқа жағдайларда пайдалану мүмкіндігі;

8.6. автордың тіл мәдениетін сақтауы – мәнерліліктің тілдік және тілдік емес құралдарын қолдану, сөйлуді фонетикалық ұйымдастыру, екпіннің дұрыстығы, айқын мақам, арнайы терминология мен белгілерді пайдалану дұрыстығы;

8.7. сюжеттік желіні құру қисыны (сюжеттің түйіні, мәселенің/проблеманың қойылуы,  мәселенің/проблеманың шешілуі);

8.8. оқу материалдардың мазмұның көзбен көру кенті қатарының сәйкестігі; 

8.9. көрнекілік қатар сапасы;

8.10. дауыстық сүйемелдеудің сапасы.

8.1. – 8.10 тармақтары критерийлерінің әрқайсысы бойынша 0-ден бастап 2 балға үшін беріледі (0 балл – бағалау критерийі көрсетілмеген, 1 балл – ішінара көрсетілген, 2 балл-толық көрсетілген). 

9. Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар

9.1 Мазмұны:

·          конкурс жұмысының Конкурс бағыттарына сәйкестігі;

·          ҚР МЖБС -  сәйкестігі;

·          арнайы терминология мен белгілерді пайдалану дұрыстығы;

9.2   Бейнематериалдардың техникалық сипаттамасы:

·          HD (1280x720)  бастап Full HD (1920x1080) дейін;

·          формат *.mp4.

·          бейнематериалдың хронометражы15 минутқа дейін;

9.3   аудио және видеуо контенттің тысқары өндірушілерінің авторлық құқықтарын сақтау

9.4 Ілеспе құжаттар:

·            Конкурсқа қатысу үшін өтінім (3- қосымша);

10. Конкурстың Республикалық кезеңінің жүлде қоры:

Жүлделі орындар үшін ақшалай сыйақылар көзделген. Жүлделі орындар әрбір тақырыптық бағыттар үшін анықталады (1,2,3 орындар жиырма екі аталымға берілетін болады). Өңірлік және республикалық кезеңдер конкурсына барлық қатысушылар марапаттау құжаттарын алады. (Қатысу сертификаттары немесе 1,2,3 дәрежедегі жеңімпаздар дипломдары)

Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша Өскемен қаласы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына хабарласыңыз, тел: 8/7232/ 703 858   

2019 жылдың 31 мамырына дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. эл. адресіне өтінім мен Конкурс материалдар қабылданады

Вы здесь: Home Байқаулар Жаңалықтар Байқаулар Республикалық бейне-сабақ және бейне-дәріс сайысы
Яндекс.Метрика