Тема *
Имя *
Эл. почта *
Сообщение *
Код-картинка * Captcha-изображениеПерезагрузить картинку
   
 

Карманова Уланай Арыстанбековна Жарма ау... ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Қазақ тілі мен әдебиетінен жаңартылған білім мазмұны бойынша

Біз 2018 жылдың 23-і сәуірі мен 18-і мамыры аралығында ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік курсынан өттік. Курс тренері ШҚО "Өрлеу" біліктілікті көтеру институтынан Сейілхан Айгүл Қауатайқызы бізге мазмұнды дәрістер беріп, көптеген әдіс-тәсілдерді үйретті. Өзімнің педагогикалық тәжірибеме курс үлкен серпіліс әкелді. Жаңартылған білім мазмұнының маңызы терең екенін, критериалды бағалаудың өте қажет екенін ұқтым. Заман ағымына сай қабылданған бағдарлама деп ойлаймын. Бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ оқытып, тәрбиелеуде бұл курста алған біліміміз бізге үлкен жауапкершілік артады.

16.05.2018

Байдельдинова Айгерим Кайратовна ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған білім беру

      2018 жылдың 23 сәуірден 18 мамыр аралығында Жарма  ауданында жаңартылған білім туралы курс өттім.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы Акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан  облысының  тренері Сейлхан Айгүл Қауатайқызы.  Курс барысында сабақ жоспарын жаңа форматта құруды, белсенді оқу әдіс- тәсілдерін және сабақ мақсатын да SMART форматында құруды үйрендім. Тренерге алғысым шексіз. Алған білімімді еліміздің білімді болашағының дамуына қолданамын.

16.05.2018

Калмакбаева Гульназ Ернатовна Жарма ауда... ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жаңартылған білім беру

Мен Жарма ауданы Қалбатау ауылында 23 сәуірден 18 мамырдан бастан жаңартылған білім беру курсынан білім алдық. Курс жоғары деңгейде өтті. Курсты "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтыШҚО  маманы филология ғылымдарының докторы Сейлхан Айгүл Қауатайқызы өткізді. Тренер әр педагогпен шығармашылықпен жұмыс істеп, әр күнін жоғары шеберлікпен өткізді. Курс барысында жаңартылған білім берудің оқу бағдарламасының ерекшеліктерін, оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдануды, қмж құрастыруды үйрендім. Тренерден құжаттармен сауатты жұмыс істеуді, саралап оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді ұййымдастыруды, теорияны практикамен  үйрендім.

"

16.05.2018

Бажаева Толқын Мейремхановна ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша Жаңартылған білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша Курсы

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында  «Қазақ тілі»   мен «Қазақ әдебиеті»  пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы  ағымды жылдың  сәуір айының  23 – нен   мамыр айының 18- не дейінгі аралықта Қалбатау ауылының Маяковский атындағы орта мектебінде ұйымдастырылуда. Курс бағдарламасының мақсаты  : пән  бойынша Оқу бағдарламасын жаңарту және өлшемдік  (критериалды) бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру болып табылады.  Пән мұғалімдерінің пән бойынша Оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін, Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды жетілдіруін, Оқу бағдарламасына сай оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйренуін қамтамасыз ету шарасы  -  ШҚО «Өрлеу» педагогтардың  біліктілігін арттыру орталығының маманы , Филология ғылымының кандидаты – Сейілхан Айгүл Қауатайқызының оқытуымен  жүргізілуде.Курс  өту барысында заманауи оқыту үдерісінің тәсілдерін шеберлікпен үйрете білген, заман талабына сай білім беру үдерісін ұйымдастырушылық шеберлікке баулыған, иа, баулыған, жас та болса, өз ісінің нағыз маманы-Айгүл Қауатайқызына деген алғысым шексіз.Еңбегіне сәттілік тілеп, жаңалықтың жаршысы болып жүре беруіне тілектеспін. Өзім үшін таптырмас,табылмас мол қазынаға ие болғанымды сезінемін. ШҚО «Өрлеу» педагогтардың  біліктілігін арттыру орталығына өз атымнан, ұрпақ қамын жеп жүрген қазақ тілі мен әдебиетінің жанашырлары атынан алғыс білдіремін.

16.05.2018

Чукаева Б.М. ( Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. ): Оқытушы-модераторларға пікір

2018 жылы 12 қаңтарда Күршім ауданы №3 мектеп-гимназиясында  « Білім берудің жаңартылған  мазмұнына сәйкес инклюзивті оқыту» тақырыбында облыстық семинар-тренинг   өтті. 

                Семинарға мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагог және дефектолог мамандар қатысты.

                Семинарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы Акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТТжӘ  кафедрасының аға оқытушысы Жаксылыкова Г.И және ББС ЖБ кафедрасының аға оқытушысы  Нуртазина Е.М өткізді.

                Семинар-тренингке алынған тақырып өте өзекті, өйткені осы оқу жылында ауданда 6 мектеп инклюзивті болды.

                Семинардың ақпараттылығы, тақырыптың ашылуына және тамаша ұйымдастырылғаны үшін тренерлерге алғыс білдіреміз. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында сабақты жоспарлау, талдауға қойылатын талаптар және инклюзивті оқыту мәселелерін мектепте педагогикалық үдерістің ізгілендіруі мен ынтымақтастықтың негіздері ретінде тиімді жолдарын іздестіру бойынша тәжірибелік бөлімде мол ақпарат беріліп , ортаға салынды. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға таратпа қағаздар , брошюралар таратылды.

 

                Кәсіби педагогтар командасы материалды жеткізу сапасы және аудиториямен жұмыс жасауда шынайы қуаныш  сыйлады. 

23.01.2018

 

Powered by Phoca Guestbook
Вы здесь: Home Пікірлер мен ұсыныстар
Яндекс.Метрика