Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Өрлеу» үздік оқытушысы» Республикалық сайысына қатысқан әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

«Өрлеу» үздік оқытушысы» Республикалық сайысына қатысқан әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!

2017 жылдың 29 қыркүйек күні Астана қаласында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Өрлеу» үздік оқытушысы» Республикалық байқауының   қорытынды кезеңі өткізілді.

 

Байқау мақсаты: педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруда оқыту технологияларын қолдану бойынша үздік инновациялық тәжірибені анықтау және тарату. Байқаудың іріктеу кезеңінен өткен үміткерлердің ішінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ –дың Білім беру сапасы және басқару кафедрасының тренері Сейлхан Айгүл  Қауатайқызы да болды. 

Сайыста Айгүл Қауатайқызы жоғары кәсіби құзыреттілігімен танылып, 1 дәрежелі дипломды иеленді.  

Байқау шарттары: жаңалығы және өзектілігі, практикалық және әдістемелік құндылығы, тәжірибенің нәтижелігі және тиімділігі, оқыту технологиясын қолдану бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін қамтылды. 

Айгүл Кауатайқызы сайыстың барлық критерийлері бойынша жоғары баға алды. Сондай-ақ шеберлік-сыныбы түрінде тәжірибелік сабақ өткізді. 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ ұжымы Айгүл Кауатайқызын лайықты жеңісімен құттықтайды. Әрдайым толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жетіп, жеңістің биік тұғырынан көріне бер демекпіз! Бұл жеңісіңіз «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың дамуына қосқан зор үлесіңіз деп білеміз.

Вы здесь: Home Құттықтаулар Жаңалықтар Құттықтау «Өрлеу» үздік оқытушысы» Республикалық сайысына қатысқан әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!
Яндекс.Метрика