Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Байқау

«Ұстаз әлемі-Педагогический мир» газеті мен «Педагогика жаршысы-Педагоги-ческий вестник» журналының редакция алқасы 2015 жылғы қаңтар айында осы жылдың айтулы мерекелеріне байланысты жариялаған:

1. «Қазақ хандығының 550 жылдығы»;

2. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы»;

3. «Ұлы Абайдың 170 жылдығы» шығармашылық байқаудың қорытындысын шығарды.

 Осы тақырыптар бойынша аталған байқауға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ мамандары мен ғылыми қызметкерлері Р. Нұрбекова, Р. Чекетаева, А. Сейлхан, Б. Нұғыманов, Ж. Аубакирова, Г. Зайсанбаева, С. Симбаева тұрақты түрде атсалысып, облыстың басқа білім буындары қызметкерлерінің тақырыпты ары қарай дамыта, тереңдете түсуіне бастамашыл болып, байқау көшбасында болғандары үшін, басылымдардың Бас редакторы С. Байхонова осы әріптестеріне алғыс айтып, шығарма-шылық табыстарына тілектестік білдіреді.

Қатысушылардың дені мектеп мұғалімдері болғандықтан, редакция Кеңесі байқау шебіне филиал сыртындағы оқырмандарымыз, педагогтер мен ынтымақтастықтағы әріптестерімізді шығаруды жөн деп таныды.

Сонымен, қазақ тілінде жарық көрген келесі авторлардың шығармашылық жұмыстары «Үздік  мақала»  деп бағаланды:

«Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбы бойынша:

ü    Камила Тұңғышбаева, Күршім ауданы, Құйған орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – «Мен – қазақпын» атты мақаласы, «Ұстаз әлемі» газеті, №6.

ü    А. Баирканова,Өскемен қаласы, №4 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі – «Бабалар аңсаған тәуелсіздік» атты мақаласы, «Педагогика жаршысы» журналы, №3.

ü    Г. Жакупбаева,облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-лицей-интернаты, тарих пәні мұғалімі – «Тоқырау жылдарының идеологиясы және Кеңес Одағы коммунистік партиясының ұлт саясаты» атты мақаласы, «Педагогика жаршысы» журналы, №3.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» тақырыбы бойынша:

ü      Р. Айдарбаева,т.ғ.к., Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ доценті «Ұлы Отан соғысы тарихының ақтаңдақ беттері» атты мақаласы, «Педагогика жаршысы» журналы, №2.

ü      Е. Сәдуақасов, Катонқарағай ауданы, Көктерек орта мектебінің тарих пәні мұғалімі – «Ержүрек батыр бабамыз Әбітай Құсметовке тағзым» атты мақаласы, «Педагогика жаршысы» журналы, №3.

ü    «Абайдың 170 жылдығы» тақырыбы бойынша:

ü     Н. Байсарина, Абай ауданының білім бөлімінің әдіскері және ауданның «Абай елі» газетінің тілшілері бірлесе жолдаған «Ұлы Абай тойы - күллі Алаш тойы» атты мақалалар топтамасы – «Ұстаз әлемі» газеті, №6.

ü     Имантай Бектөлеу, Абай ауданының білім бөлімінің әдіскері – «Абай мұрасы – мәңгілік мұра» атты мақаласы,  «Педагогика жаршысы» журналы,  №4.

ü      Р. Есенбердина, №13 мектеп, Өскемен қ. – «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты мақаласы, «Педагогика жаршысы» журналы, №5.

Яндекс.Метрика