Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Институт тарихы

Институт тарихы

Қазақ ССР Оқу ағарту министрлігінің ұсынысымен Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес 1948 жылы облыстық халықтық білім беру бөлімі жанындағы облыстық әдістемелік кабинет негізінде Шығыс Қазақстан мұғалімдерді жетілдіру институты құрылды.

03.02.1998 жылғы №10-к бұйрыққа сәйкес 1998 жылы мұғалімдерді жетілдіру институты атауын «Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты» деп өзгертті.

1999 жылы Білім беру департаментінің №212 бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық біліктілікті арттыру институты «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК деп қайта құрылды.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің Білім беру басқармасы «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты» КМҚК деп атауы өзгертілді.

2012 жылы институт атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Шығыс Қазақстан облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» РМҚК болды, кейін «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалына айналды.

Вы здесь: Home Біз туралы Институт тарихы
Яндекс.Метрика