Ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар кафедрасы

Кафедра 2012  жылы ұйымдастырылған.

Кафедра миссиясы: ЖББМ әдістемелік және әдіснамалық мазмұнын меңгеру саласындағы педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, оларды өзіндік ойлана алатын, бейімделген және бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындауды қамтамасыз ететін ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытудың инновациялық технологиясымен оқыту.    

Кафедраның негізгі міндеттері:

- ҚР білім берудегі басым бағыттарын қамтамасыз ететін педагогтердің инновациялық- технологиялық және әдіснамалық мәдениетін дамыту; 

- қазақстандық қазіргі білім беру әдістемесін  жаңғыртуды қамтамасыз ететін   ақпараттық-коммуникациялық, заманауи білім беру технологияларын облыс педагогтерінің жұмыс тәжірибелеріне енгізу;  

- педагог қызметіндегі курсаралық кезеңде отандық білім беру жүйесіндегі инновациялық әдістер,  әдістемелік және инновациялық  жобаны белсендіруді ілеспелеу; 

- оқушылардың сыни ойлауларын дамыта алатын, сыныпта ізгілікті ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижелерін бағалай алу, оқу үдерісін жобалау және шаралар өткізу,  педагогикалық жағдаяттарға талдауға қабілетті педагогтерді даярлауды қамтамасыз ететін  біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу;

- филиалдың ПОҚ біліктіліктерін арттыруды іске асыруға  біліктілікті арттыру аясында халықаралық іс-тәжірибені зерделеу мақсатында  шетелдік білім беру мекемелері базасында тағлымнама алмасуға қатысу.

Кафедра қызметінің негізгі бағыттары:

- облыс педагогтерінің қысқамерзімдік, жаңартылған білім мазмұны бойынша және қашықтықтан оқыту мен онлайн тәртібін қоса есептегендегі біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыруды қолдау;  

- облыс педагогтерінің құзіреттілігін арттыруды қамтамасыз ететін, тәжірибелік дағдыларды оқытуға бағытталған  білім берудің инновациялық бағдарламасын әзірлеу;  

- шетел тәжірибелерімен  ғылыми-ізденіс әзірлемелерінің кіріктірілуін қамтамасыз ететін, облыс педагогтерінің республикалық және халықаралық жобалардың енгізілуін белсендіретін ғылыми-ізденіс бағдарламаларын әзірлеу;     

- тыңдаушылардың коммуникативтік дағдыларын жетілдіретін, тәжірибе алмасудың инновациялық технологиялар саласындағы теориялық білімдерді үйлестіретін халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын әзірлеу.     

ҒЖ(Г)ПОӘжИТ  кафедрасының меңгерушісі:

Курманова Жупар Сакановна, филологияғылымдарының кандидаты 

Кәсіби тәжірибесі: деңгейлік бағдарламалардың  (2,3 деңгей)  және жаңартылған білім мазмұны бойынша курс тренері

Жарияланылған еңбектері: «Абай мен Әуезов үндестігін оқыту технологиясы» әдістемелік құралы, «Қазақ прозасындағы ұлттық идея және кейіпкер болмысы» (1960-1980жылдар аралығы)  ғылыми басылымы, «Аңызға айналған ұстаз» кітап-альбомы, «Оқушының шығармашылық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы жеке тұлға қалыптастыру жолдары» әдістемелік оқу құралы,  «Құзіретті мұғалімнен – табысты  оқушыға» монографиялық еңбек және 50-дан аса ғылыми-әдістемелік мақалалар.

Марапаттары:

 2014ж  - «Өрлеу» БАҰО АҚ Басқармасының төрайымы Г.К.Ахметованың Құрмет грамотасы,

2010ж - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ директоры С.Байхонованың,

2015ж ШҚО Білім басқармасының бастығы А.Нургазиевтің мадақтамалары, т.б 

«Ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытудың инновациялық технологиясы мен әдістемесі» кафедрасы:

Ахаев Андрей Васильевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,     ҒЖ(Г)ПОӘжИТ  кафедрасының аға  оқытушысы,   Қазақ-Француз Орталығының Президенті, КОНКОРД  Халықаралық Академиясының және  ФИДЖИП – ЕВРОТАЛАНТ Халықаралық ұйымының    Қазақстан бойынша Вице-Президенті,   «Дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешені» ММ ғылыми кеңесшісі,   120-дан аса ғылыми еңбек авторы, оның ішінде 2 монография, 37- оқу құралы, 6 авторлық куәлік иесі.   

Көптеген білім беру жобаларының авторы, оның ішінде ҚР 12 жылдық жалпы орты  білім берудің республикалық Тұжырымдамасын, «Дене шынықтыру» мен «Денсаулық педагогикасы» Мемлекеттік білім беру стандартын әзірлеуші.

Марапаттары:

• ҚР білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;   
• «ҚР Білім беру ісінің үздігі»   белгісі;

• «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісі;  

• РФ Ресей     Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық, ғылыми бірлестіктің дамуындағы еңбегі мен жеке үлесі үшін  берілген «Ломоносов» ордені.   

Алпыспаева Майгуль Кенесбековна, аға оқытушы,  тренерлік:

-Үшінші (базалық ) деңгейлік курс тренері,

 -ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  «Химия» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тренері.

- PISA бағдарламасы (математикалық сауаттылық) бойынша тренер.

Марапаттары:

-  2016ж   -  «Өрлеу»  БАҰО Басқармасының Төрайымы  Г.Ахметовадан;

-  2013ж  - «Өрлеу»  БАҰО  АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ директоры С.Байхонованың алғыс хаты.

Жетістігі: Диплом 1 орын Республикалық онлайн сайыс «ЭКСПО-2017»

Апселемова Гульнара Дюсембековна, аға оқытушы,ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Математика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тренері.

Жетістігі: Диплом 1 орын Республикалық онлайн сайыс «ЭКСПО-2017»

Каматаева Сауле Толегеновна, аға оқытушы,  ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік  бағдарламалар аясында  Үшінші (базалық) деңгейлік курс  және орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тренері.

Марапаттары:

ҚР Білім және Ғылым министрінің; ШҚО Білім басқармасының, ШҚО Әкімінің мадақтамасы,    «Өрлеу»  БАҰО АҚ Басқармасының Құрмет грамотасы мен алғыс хаты,  «Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша  ПҚ БАИ алғыс хаты.

Камзина Ардак Нурахметовна, аға оқытушы,   ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру деңгейлік  бағдарламалар аясында  Үшінші (базалық) деңгейлік курс тренері, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша тренер.

Марапаттары:

-2014 ж - Республикалық «ПҚ БА курстарының үздік жаңартылған, үздік жаңа бағдарламасы, үздік оқу-әдістемелік кешені» атты сырттай байқауында  «Үздік мазмұн және негіздеме» номинациясы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ мадақтамасы; 

-2015 ж - «Қазақстан Республикасы білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін және ұстаздар мерекесіне орай» «Өрлеу» БАҰО  АҚ  Құрмет грамотасы.

Нургалиев Рауан Еримбекович, аға оқытушы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  «Жаратылыстану» және «География»    пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының  тренері.

Оразбаева Айгуль Казезовна, аға оқытушы, тренерлік:

- ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде  «Физика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының  тренері;

- PISA бағдарламасы PISA Master Trainer Programme 40-hour course бойынша тренер;

- «Проектной деятельность» 64 сағаттық курсының тренері.

Марапаттары:

-  2015ж -  «Өрлеу» БАҰО  АҚ Басқарма Төрағасы Г.Ахметованың алғыс хаты;

-  2015жж - «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры С.З.Байхонованың мадақтама мен алғыс хаттары. 

Пилипенко Светлана Борисовна, аға оқытушы, информатика пәні бойынша оқулық авторларының бірі, тренерлік:

-   ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Информатика» пәні бойынша тренер.

- PISA бағдарламасы (математикалық сауаттылық) бойынша тренер;

- «Робототехника» курсы бойынша тренер;

Марапаттары:

ШҚО Білім басқармасы,

ШҚ облыстық кәсіподақ кеңесі,

ШҚО «Шығыс» Аймақтық орталығының мадақтамалары мен алғыс хаттары.  

Козьмина Ольга Юрьевна, аға оқытушы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Биология» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының тренері.

Тлеубаева Лейла Токтаргожақызы, кафедра лаборанты.

ҒЖ(Г)ПОӘжИТ  кафедрасының  профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби жетістіктері мен кәсіби өсулерінің  жинақталуы   

Кафедрада оқытушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыра отырып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіруге ерекше назар аударылады. Оқу процесінде үнемі тиімді оқу тәсілдерді, шеберлік-сыныптары, пікірталастар, тренингтер, кейс-стади, іскерлік ойындар, жобалау қызметі және т. б  енгізу жұмыстары жүргізіледі.

Кафедра бірқатар халықаралық және республикалық іс-шаралар жүргізеді: конференциялар, семинарлар, вебинарлар, әлеуметтік жобалар байқауы, біріктірілген сабақтар сайысы және т. б;

- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-н бірлесе отырып «Инновационные педагогические технологии: сущность, классификация и направления педагогических инноваций» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізілді (мамыр 2012 жыл);

- 2012 жылдың шілде айында ШҚО-да биология және химия мұғалімдерінің I Республикалық съезі өткізілді. Съезді өткізу барысына кафедра оқытушылары белсене қатысты. Кафедра мамандарының басшылығымен съезге қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысының химия және биология пәні мұғалімдерінің шеберлік-сыныптарын өткізуі дайындалды.

- 2015 жылы 28 қаңтарда Ұлан ауданы Герасимовка орта мектебінде ««Өрлеу»  БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндер бойынша оқыту әдістемесі мен инновациялық технологиялар» кафедрасы «Интерактивті стратегияларды оқу үрдісінің инклюзивтілігін қамтамасыз етуде қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға облыстың сексеннен астам мұғалімдері қатысты;

-«Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  2015 жылғы  сәуірдің 13-мен   17-сі аралығында ҚР БҒМ жоспарына сәйкес «PISA-2018: 500 школ» жобасы бойынша оқыту семинарын өткізді;

- 2015 жылғы 15 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  Өскемен қаласында «Педагогикалық технологиялар оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді әдістемелер, тәсілдер ретінде» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізді;

- 2016 жылы 25 ақпан аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ   ««Восток» Дарынды балаларға арналған арнайы ғылыми-зерттеу орталығы мектеп-кешенімен», ШҚО білім басқармасымен бірлескен «Жаратылыстану-математика пәндерін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында облыстық семинар өткізді;

- 2016 жылдың сәуірінде областық «Актуальные проблемы внедрения: опыт и перспективы» тақырыбында on-line семинар өткізілді;

-  2016 жылдың 15 маусымында «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  мен  Санкт-Петербург қаласының  «Институт непрерывного образования взрослых» ФГБОУ ДПО  жоспарынаа сәйкес бірлесе отырып «Профессиональное развитие компетентности учителя по формированию функциональной грамотности школьников» халықаралық вебинарын өткізді; 

- 16.11.2016ж. «Өрлеу» БАҰО АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2016 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес «Реализация национальной идеи «Мәңгілік Ел» в организациях образования Республики Казахстан» республикалық сырттай ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізілді; 

-   2016 жылдың қарашасында  үштілділік бойынша «Үздік кіріктірілген сабақ» қашықтықтан оқыту конкурсы өткізілді. 

Кафедра оқытушылары тарапынан БА курстары, міндетті дәрістер, көшпелі тәжірибелік сабақтар жүргізіледі.  АКТ оқыту процесіне енгізу мазмұны мен әдістемесін әзірлеу мақсатында әдістемелік құралдар, нұсқаулар әзірленеді:

  - SMART құралдарын біліктілікті арттыру жүйесіндегі білім ұйымдарында қолдану мүмкіндіктері;   

- Жобалау қызметінде оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру; 

- «Қазақстан Республикасындағы білім ұйымдарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын  жүзеге асыру; 

- ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқытудың педагогикалық технологиялары;   

- ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық пәндер сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;  

- «Құзіретті мұғалімнен – табысты оқушыға дейін»  (ұжымдық монография);

- Мектепте химиядан сарамандық және зертханалық жұмыстарды саралап өткізу әдістемесі. Әдістемелік нұсқау;

- Шағын жинақталған мектеп жағдайында химия пәнін оқытуды инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастыру;

- Химия пәні бойынша оқушының сыни дағдыларын кеңейтілген тапсырмалар арқылы дамыту жолдары;

- Развитие функциональной грамотности учащихся в обучении русскому языку;

- Развитие грамотности чтения учащихся на уроках русского языка и литературы /мет. рекомендации;

- PISA халықаралық зерттеу аясында оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамыту;

-«Adobe Captivate 7 сандық білім беру контентін бағдарламаларға әзірлеу; 

-Педагогтердің кәсіби біліктілігін және акт-құзіреттілігін арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу; 

-Excel  көмегімен физикалық құбылыстарды зерттеу; 

-«Возможности среды Microsoft Visual Basic для разработки приложений с использованием технологий. NET Framework»;

- «Біліктілікті арттыру жүйесі үшін сандық білім беру контентін (е-контент)  құру  технологиясы»;   

- «Prezi веб-сервис» көмегімен интерактивті мультимедиялық презентацияларды құру;

- «SMART құрылғыларын білім беруді ұйымдастыруда қолдану мүмкіндіктері. 

Вы здесь: Home Біз туралы Кафедралар Инновациялық технологиялар кафедрасы
Яндекс.Метрика