Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Институт туралы

Институт туралы

Институттың қызметі мен мақсаты– облыс білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері біліктілігін арттыру, білім беру қызметкерлерінің кәсіби, құқықтық, ақпараттық, коммуникативтік, басқару құзыретінің деңгейін арттыру, сонымен қатар заманауи білім беру технологияларын енгізу және қалыптастыруға жағдай жасау.

Міндеттері:

  • білім беру қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттырудың тиімді моделін құру және енгізу;
  • педагог мәртебесін біліктілік арттыру жүйесі арқылы көтеруге жағымды жағдайлар жасау;
  • біліктілікті арттыру жүйесін Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейіне қойылатын заманауи талаптарға сай модернизациялауға қатыстыру;
  • жаңа бағдарламалар бойынша мұғалімдердің біліктілік деңгейін сертификаттай отырып арттыру;
  • білім беру жүйесі менеджерлерінің (жергілікті басқару және білім беру бөлімдерінің жетекші қызметкерлері, мектеп директорлары және т.б.) кәсіби шеберлігін заманауи менеджмент бағдарламалары бойынша арттыру;
  • білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктіліктерін арттырудағы үздік халықаралық және отандық тәжірибелерді зерттеу және енгізу.

Қызметтері:

  • аймақтағы білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін үздіксіз арттыруды қамтамасыз етеді;
  • біліктілікті арттырудың тиімді нұсқалары мен әдістерін іздеу мен енгізуді жүзеге асырады;
  • білім берудің мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалары мен дамыту жоспарларын орындауға қатысады;
  • біліктілікті арттыру, сондай-ақ заманауи білім беру жүйесін тиісінше дамыту мәселелері бойынша республикалық және халықаралық конференциялар, съездер, симпозиумдар, семинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
  • ғылыми, оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдарға сараптамалар өткізеді және жариялайды.
Вы здесь: Home Біз туралы Институт туралы
Яндекс.Метрика