Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Академиялық бөлім

Академиялық бөлім

Академиялық бөлім бастығы: Абышева ГульжанМертаевна

Қызметкерлер:

- Кадирова Лензат Сериккановна, бас маман; 
- Сағитханқызы Әйгерим, бас маман;

Академиялық бөлім жұмысының мақсаты:

Облыстың аудандық, қалалық бiлiм беру бөлімдері және филиалдың кафедраларының педагог қызметкерлердiң біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарын өзара әрекеттесуiн ұйымдастыру және үйлестiру. Бөлiм педагогикалық кадрларының біліктілікті арттыру бойынша курстық шараларды бақылауды ұйымдастыру арқылы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің, «Өрлеу» БАҰО» АҚ талаптарын iске асыруын қамтамасыз етедi

Академиялық бөлім жұмысының міндеттері:

1. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ педагогикалық кадрлардың барлық категорияларының біліктілігін арттыру қорытындылары бойынша аудандық, қалалық бiлiм бөлiмдерiмен байланысты жүзеге асыра отырып біліктілікті арттырудың жылдық жоспарын жасау.

2. Біліктілікті арттыру сұрақтары бойынша бiлiм беру бөлімдерінің мамандарына біліктілікті арттырудың формасы мен түрлерін анықтауға кеңес беруді ұйымдастыру (бөлiмнiң құзыры аясында).

3. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ оқу қызметімен айналысатын біліктілікті арттыру жүйесінің оқу үдерісінің нормативтi- құқықтық құжаттарын жасап, қамтамасыз ету.

4. Біліктілікті арттыру курстарына педагогтардың қабылдануы туралы аудандық, қалалық бiлiм беру бөлiмдерiне электрондық хат, филиалдың сайты арқылы хабарлау.

5. Деректер жинауды ұйымдастыру, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ оқу қызметiнiң сұрақтары бойынша аналитикалық есеп және ақпараттық мәлiметтер құру.

6. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша оқу-ұйымдастырушылық жұмысын үйлестіру.

7. Облыстың білім беру ұйымдарымен курстан өткен педагогикалық қызметкерлердің тiзiмін сәйкестендіріп, келесi жылдың тыңдаушыларының тiзiмін құру.

Академиялық бөлім жұмысының бағыттары:

• оқу жоспарын құрастыру;

• облыс педагогтарын біліктілікті арттыру курстары туралы хабарландыру;

• аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінің және курс жетекшілерінің педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың жылдық жоспарын орындау бойынша жұмыстарын үйлестіру;

• біліктілікті арттырудың ағымдағы жоспардың көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылау;

• кафедра қызметкерлерiнiң оқу-әдiстемелiк жүктемесi туралым әлiмет беру.

Вы здесь: Home Біз туралы Бөлімдер мен орталықтар Академиялық бөлім
Яндекс.Метрика