Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы

Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы

Құрметті әріптестер!

2019 жылғы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жедел жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жастар Жылы» аясында «Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы» тақырыбында Республикалық on-linе семинарын өткізеді және семинар жұмысына қатысуға шақырады.

Өткізу мерзімі: 2019 жылдың 28 наурызы, басталуы сағат 10:00. (қатысушыларды тіркеу 09.30- дан 10.00-ге дейін).

Конференцияны  өткізу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.

Өткізу форматы: on-linе режимінде http://online.ripkso.kz/vko платформасы

Семинарға қатысушылар: білім беру мекемелерінің басшылары, әдіскерлері, мектептердің басшылары және педагогтері,  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері т.б.

Семинардың мақсаты: жас педагогтерді кәсіби қолдау және практикалық, әдістемелік қолдау көрсету.

Міндеттері:

- жас педагогтерге кәсіби қолдау көрсете отырып, өзекті сұрақтарды талдау;

- әдістемелік десант өткізудің ғылыми-практикалық тәжірибесін тарату, педагогтерге жұмыс орнында әдістемелік көмек көрсетуде туындаған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру;

- жас педагогтерді педагогикалық әрекетке бейімдеудің шешімдерін әзірлеуге педагогикалық қауымдастықты және қоғамды тарту

Семинарды өткізу тілі: қазақша, орысша.

Семинардың негізгі бағыттары:

1. Оқу мен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу негізінде оқу үдерісінде білім берудің жаңартылған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жас мұғалімге кешенді әдістемелік қолдау көрсету.

2. Инновациялық және АКТ негізінде жас мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бейімделуі мен олардың шығармашылық әлеуетінің дамуына жағдай жасау.

3.Тренерлер оқыту семинарлары, тренингтер, коучингтер және менторингтер, шеберлік сыныптары арқылы оқытудағы құзырлылық, коммуникативті әрекеттерді жас мұғалімнің практикаға енгізуіне ықпал етуі.

Әдістемелік десантты өткізу формасы: ашық сабақтар (тренермен бірлескен),  семинарлар, практикумдар, вебинарлар, коучингтер, менторингтер, білім  квесті,  team-building (топ құрушы), workshop,  брейнсторминг (дискуссиялар),  тренингтер, шеберлік-сыныптары, дөңгелек үстелдер, педагогикалық шеберхана және студиялар, білім маркетингтері,  топтық және жекелей кеңес беру,  дискуссиялар және т.б.

Әдістемелік десантты өткізу формасын  филиалдар өздері таңдайды (үздік жас педагогтердің қатысуымен).

Республикалық on-linе семинарға қатысу тәртібі:

Республикалық on-linе семинарға қатысу үшін арнайы үлгі бойынша (1, 2 қосымша) 2019 жылдың 28 ақпанына дейін бекітілген файл түрінде өтініш («семинар_аты-жөні», «өтініш_аты-жөні») «семинар» деген белгімен  келесі электронды мекен жайға жолдау керек: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. .

Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар және алғыс хаттар табыс етіледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөліміне хабарласуларыңызға болады. Байланыс телефоны 8(7232)70-38-58;  координаторлар - Егорина Лариса Викторовна, Нуркенова Сайран Ескендировна 8(7052213204).

Жүктеу

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Әдістемелік десант - жас педагогті кәсіби қолдаудың тиімді формасы
Яндекс.Метрика