Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Көшпелі практикалық сабақтар – біліктілікті арттыру курсында тиімді оқытудың кепілі

Көшпелі практикалық сабақтар – біліктілікті арттыру курсында тиімді оқытудың кепілі

Біліктілікті арттыру курстары аясында сабақтардың формаларының бірі – білім беру ұйымдарында, түзету ұйымдарында, мұражайларда, балалар ауылында өткізілетін көшпелі практикалық сабақтарБұндай сабақтар озық педагогикалық технологиялармен танысуға мүмкіндік береді, нақты кәсіби іс-әрекеттерде инновацияны енгізу мүмкіндігін қарастырады. Осылайша инклюзивті білім беру бойынша курстар аясында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне бару – тиімді формалардың бірі.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті – кез келген ерекше қажеттілігі бар балаға және оның ата-анасына дефектолог, психолог, логопед, сурдопедагог, тифлопедагог, ЛФК инструкторы секілді мамандар кешенді, әрі білікті көмек көрсететін орын.

Біліктілікті арттыру курстарының аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының меңгерушісі, тренер Кукина Ю.Е. Семей қаласының ППТК базасында ерекше білім қажеттілігі бар балалар мен олардың ата-аналарына тиімді көмек көрсету мақсатында көшпелі сабақтарды ұйымдастырады. Мамандардың уақытылы және білікті көмегі кез келген баланың, әсіресе мүмкіншілігі шектелген баланың өмірін жақсы жаққа өзгертіп, лайықты және жарқын болашаққа үміт беруі мүмкін.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Көшпелі практикалық сабақтар – біліктілікті арттыру курсында тиімді оқытудың кепілі
Яндекс.Метрика