Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Оқу үрдісін цифровизациялау бойынша педагогтерге тәжірибеге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету

Оқу үрдісін цифровизациялау бойынша педагогтерге тәжірибеге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету

Педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және оқу үрдісін цифровизациялау бойынша тәжірибеге бағытталған әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2019 жылдың 12 наурызында «Үлкен Алтай» мұражайы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен бірлескен оқу процесін сандандыруда Шығыс Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтері мен әдіскерлеріне оқу процесін сандандыруды үйретуге арналған облыстық семинар өткізді.

Семинарға облыстың 14 ауданы, Өскемен, Семей, Риддер қалаларынан, филиал және ШҚМТУ қызметкерлерінен 35 адам қатысты.

Облыстық оқыту семинары аясында виртуалды құрастыру және компьютерлік құрылғыларды орнату, бейне-роликтер мен бейне материалдарды дайындау жайлы шебер-сынып өткізілді және «Үлкен Алтай» мұражайына топсеруен ұйымдастырылды.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар, 3D-моделі комплекті және мектептегі сабақтарда пайдалану үшін «Үлкен Алтай» мұражайының бейнематериалдары табысталады. 

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Оқу үрдісін цифровизациялау бойынша педагогтерге тәжірибеге бағытталған әдістемелік қолдау көрсету
Яндекс.Метрика