Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Дене шынықтыру бойынша нұсқаушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру

Дене шынықтыру бойынша нұсқаушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру

2019 жылдың 13 наурызында Өскемен қаласы әкімдігінің «№3 «Балбөбек» балабақша-бөбекжайы» КМҚК базасында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру сабақтарында танымдық үрдістерді дамыту» атты семинар-практикумы өтті. Семинарға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Саблукова Т.А. жетекшілік етті.

Мақсаты: ҚР мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында дене шынықтыру нұсқаушыларының педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Семинар жұмысына балабақша директоры Гальцер Н. М. қатысты. Әдіскерлер тәжірибесінің презентациясын көрсетті: Сидельникова С. В. «Мектепке дейінгі балалардың денсаулық сақтаушы құзыреттілігін қалыптастырудың ерекшелігі», Садыкова К. К. «Дене шынықтыру сабақтарында мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін дамыту». Дене шынықтыру мұғалімі Оспанова Г.М. «Ульбиночка» жоғарғы тобында «Көңілді доп» атты дене шынықтыру сабағын, «Өз добыңды таңда» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Дене шынықтыру бойынша нұсқаушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру
Яндекс.Метрика