Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Әскери-патриоттық тәрбие беру – қазіргі қазақстандық білім берудің басымдылығы

Әскери-патриоттық тәрбие беру – қазіргі қазақстандық білім берудің басымдылығы

2019 жылдың 13 наурызында Семей қ. Шүлбі кентінде «Ұлан» әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беру облыстық орталығы мен «Дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ базасында «Патриоттық және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – жаңартылған білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру негізі» облыстық оқу-практикалық семинары өткізілді.

Семинарға АӘД оқытушылары мен кадет сыныптарында жұмыс істейтін офицерлер қатысты. Білім беру үрдісіне азаматтық тәрбие берудің ұлттық бағдарламаларын енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру кафедрасы меңгерушісінің м.а. Щеглов С.Г. шеберлік сыныбын жүргізді. Қатысушылар Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ойларымен танысып, ұлттық идеяны ашатын оқу сабақтарын өткізудің көптеген әдістері мен түрлерін пайдалану бойынша ұсыныстар алды.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Әскери-патриоттық тәрбие беру – қазіргі қазақстандық білім берудің басымдылығы
Яндекс.Метрика