Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғамдағы латыннегізді әліпбиге көшудің мәселесі қазіргі таңда белсенді қолға алынуда. Мемлекеттігімізді нығайтуда барлық ұйымдар бірлесе отырып, жаңа әліпбидің бұқараға кең таралуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Сәуірдің екісі күні латыннегізді әліпбиді тәжірибеге енгізуге бағытталған шара Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде ұйымдастырылды.

«Latynnegizdi qazaq álipbii – jańasha ulttyq sana qalyptastyrýdyń negizi» тақырыбындағы облыстық семинар-тренингі Рухани жаңғыру кафедрасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып жүргізілді.

Семинар-тренингті «Өрлеу» БАҰО филиалы Біліктілікті арттыру институтының тренері, ф.ғ.к. Зайсанбаева Г.Н. және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті, ф.ғ.к. Сейілхан А.Қ. өткізді. Шараға студенттер, магистранттар, сала мамандары, ЖОО оқытушылары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар ақпарат алумен қатар, жаңа әліпбиде жазып, оқып үйренді. Студент жастар жаңа әліпбидің ұлттық тәуелсіз сана қалыптастырудағы рөлі, түркі және жаһандық әлемдегі ықпалы, ұлт болашағы үшін өркениеттік маңызы туралы ойларын жеткізді.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Яндекс.Метрика