Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытуда

Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытуда

2019 жылдың 0сәуірде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренері Оразбаева А.К. бөлім және тоқсанға қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың тиімді стратегияларын енгізу, кері байланыс және рефлексия ұйымдастыру бойынша Семей қаласының физика пәнінің мұғалімдері үшін «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытуда» атты семинар өткізді.

Семинар білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында физиканы оқытуда білім беру процесіне белсенді оқыту стратегиялары мен критериалды бағалау ерекшеліктерін енгізу негізінде пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Тренер қатысушылармен критериалды бағалаудың негізгі мәселелерін талқылады, оларды шешудегі әдістемелік көмек ұсынды.

Семей қаласының мектептерінің физика пәні мұғалімдері семинар барысында белсенді қатысып, Үлкен- Владимировка орта мектебінің физика пәні мұғалімінің Жанбұлат Ерсайнович Рустеновті жобалау әдісі бойынша шеберлік сыныбын өткізді, оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар іс-шараның өзектілігін, оқу процесіне критериалды бағалауды енгізудегі әдістемелік көмектің маңыздылығын және жоғары деңгейде өткізілгенін атады. 

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Білім мазмұнын жаңарту жағдайында физика пәнін оқытуда
Яндекс.Метрика