Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Басты назарда - оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту

Басты назарда - оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту

Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінің негізгі ұстанымдарының бірі – оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту. «Джиксо» стратегиясын пайдалану – пәндік білімді ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік, коммуникативті дағдыларды да меңгеруге ықпал ететін әдіс», - деп есептейді Мамиева М.И., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың Білім беру сапасы мен басқару кафедрасының аға оқытушысы, «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері.

2019 жылдың 4 сәуірінде Өскемен қ. №26 орта мектебінің базасында өткізілген «Оқушылардың коммутикативті дағдыларын дамытуда «Джиксо» стратегиясының рөлі» атты шеберлік сыныбы оқушының жеке мүдделерін, даму болашағын ұғынып, сындарлы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерін дамытуға стратегияның әсері бар екенін көрсетеді. Топтарда жұмыс істеу барысында тренер немесе мұғалімнің серіктес, кеңес беруші ретінде оқушыларға қолдау көрсетуі кезінде танымдық белсенділік тұрақты сипатқа ие болатынына мұғалімдердің көздері жетті. Шеберлік сыныбына қатысушылар алдағы оқу жылында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқи бастайтын 4,9 сыныпта аталған стратегияны қолдану ерекшелігін қарастырды.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Басты назарда - оқушылардың коммуникативті дағдыларын дамыту
Яндекс.Метрика