Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - STEM сабақтарында сыни ойлауды дамыту

STEM сабақтарында сыни ойлауды дамыту

2019 жылдың 29 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы А.М.Карибаева және IT маманы С.Б.Пилипенко А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана, Американдық мәдени орталық және «Makerspace Oskemen» шығармашылық кеңістігімен бірлесе отырып, «STEM сабақтарында сыни ойлауды дамыту» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар тәжірибелік және теориялық бөлімдерден тұратын білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі «Информатика» пәні мұғалімдеріне арналып ұйымдастырылды.

Тәжірибелік бөлімде Maker Space Oskemen кеңістігінің IT-мамандары Малышев В.Ю., Бакиев А.А., Резанов Н.В. семинар қатысушыларына қала мектептерінде сабақ уақытында қолдануға болатын Windows қосымшалар жасаудың жолдарын, робототехника мен 123D Design бағдарламасында үшөлшемдік үлгілеуге байланысты қосымша құралдар мен бағдарламаларды ұсынды. Алдағы уақытта мұғалімдер өз оқушыларына бағдарламалау мен үшөлшемді үлгілеу бойынша тәжірибелік дағдыларды дамытатын болады.

Семинардың теориялық бөлімінде білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушысы Карибаева А.М. «Developing critical thinking in teaching STEM subjects» тақырыбымен сөз сөйледі.

Семинардың соңында қорытынды жасалып, қатысушыларға сертификат берілді. Қатысушылар ұйымдастырушыларға, Қазақстанда STEM білім берудің маңыздылығының көрсетілуіне және STEM сабақтарында робототехника мен үшөлшемді үлгілеумен байланысты бағдарламаларда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту стратегиясы мен техникаларды қолдануына алғысын білдірді.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар STEM сабақтарында сыни ойлауды дамыту
Яндекс.Метрика