Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

2019 жылдың 16 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша  ПҚ БАИ тренері Карибаева А.М., Семей қалалық білім бөлімі, «Lingua Town» лингвистикалық орталығы және KAZTEA халықаралық конференциясының өкілдерімен бірлесе отырып «Innovative methods and approaches in teaching English in terms of updated curriculum in Kazakhstan» (Білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер) атты қалалық семинар – практикум өткізді.

2019 жыл  ресми түрде жастар жылы болып жарияланғандықтан, семинар – практикум қатысушыларының басым көпшілігі жалпы орта білім беретін мектептердің жас мұғалімдері.

Іс шараны өткізу мақсаты: білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес «Ағылшын тілі» пәні бойынша қатысушыларды инновациялық әдіс-тәсілдермен таныстыру; KAZTEA халықаралық конференциясының мақсатын, міндеттерін теориялық мазмұнын және алдыңғы қатарлы  озық тәжірбиелерді шеберлік сыныптар мен тренингтер арқылы таныстыру; жаңартылған білім беру мазмұны жүйесі  негізінде жас мамандарды қолдау; үштілділік саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілік арттыру курстары және KAZTEA сынды халықаралық конференциялар кәсіби дағдыларды шыңдауға және жалпы орта білім беретін мектептерінде сапалы, тиімді сабақ жүргізуге  сонымен қатар, жас мамандарды болашақ жұмыстарында ынталандыруға көмек береді.

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Ағылшын тілін оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер
Яндекс.Метрика