Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Мектепке дейінгі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Мектепке дейінгі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

2019 жылдың 6 мауысымында білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу кафедрасының аға оқытушысы Нуркенова С. Е., Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 36 орта мектебі» КММ шағын орталығында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау» атты семинарын өткізді.

Семинарда қалыптастырушы бағалауды енгізудің өзекті мәселелері, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған стратегияларын қолдану мәселелері талқыланды.

Тәжірибе барысында тәрбиеші Осмушкина О.В. мектеп жасына дейінгі балалар жұмысын ұйымдастырудың белсенді формаларын, сонымен қатар өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін көрсетті. Қатысушылар логикалық ойлауды дамытуға арналған Дьенеш блоктарымен ұсынылған жұмысты қызығушылықпен орындады.

 

Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, критериалды бағалау мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға жауап алып, өткізілген іс-шараға жоғары баға берді. Тәрбиешілер өз қызметтерінде мектепке дейінгі балалардың жетістігін бағалауда  ұсынылған әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды шешті. 

 

 

Вы здесь: Home Семинарлар Жаңалықтар Семинарлар Мектепке дейінгі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау
Яндекс.Метрика