Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған көрме

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған көрме

Ядролық жарылысқа қарсы қозғалыс 1989 жылдың ақпан айынан бастау алады. Жазушы, әрі ақын Олжас Сүлейменовтың митингке шақырған үндеуінен кейін Қазақстанның жазушылар одағы ғимаратының алдына мыңдаған адамдар жиналды. Осы сәттен бастап «Невада-Семей» қозғалысының тарихи қадамы жасалды. 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойып, Қазақстан толықтай ядролық қарудан бас тартты.

Осы тарихи күнге орай «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кітапханасы «Неведа-Семей антиядролық қозғалысының құрылғанына 30 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде антиядролық қозғалыс жайлы кітаптар, газеттер, фотоматериалдар ұсынылған.

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған көрме
Яндекс.Метрика