Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Институт тарихы залының ашылуы – басым жоба

Институт тарихы залының ашылуы – басым жоба

Назар аударыңыз! Облыстың педагогикалық қоғамдастығына үндеу!

70 жыл бойы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ миссиясы – тек өңірде ғана емес, республикада да сұранысқа ие педагогтардың біліктілігін арттыру. Институт тарихы – білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы, облыс мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің өсуі. Сондықтан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ 2019 жылға арналған қызметінің басым жобаларының бірі ШҚО ПҚ БАИ Тарих залын ашу болып табылады.

Ұйымдастыру комитеті білім беру саласына, педагогикалық кадрларды арттыру жүйесіне, қоғам қайраткерлеріне, оқу орындарына, білім беру ардагерлеріне, әр мұғалімге ШҚО БАИ тарих залының экспозициялары үшін материалдар жинауға қатысу өтінішімен жүгінеді.

Біз мұражай экспозициялары үшін барынша толық және нақты материалдарды жинаймыз деп үміттенеміз: әр түрлі жылдардағы мұғалімнің қызметіне байланысты фото, видео, раритетті экспонаттар; дәптерлер, күнделіктер, табельдер, біліктілікті арттыру туралы куәліктер, әдістемелік мұрағат материалдары, кітаптар және т. б.Сондай-ақ, бізді облыстың үздік педагогтары, жаңашыл педагогтар туралы материалдар қызықтырады.Институтымыздың ардагерлері туралы, институттың аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерімен ынты мақтастығы туралы материалдарды ерекше ризашылықпен қабылдаймыз.

Облыс педагогтарының біліктілігін арттыру институты 70 жылдық тарихы бар.Тарих залының экспозициялары барлық педагогикалық қызметкерлер үшін қызықты болады деп сенімдіміз.  

Біз Сіздерге алдын-ала алғысымызды білдіреміз және оң пікірлер, ұсыныстар, қызықты материалдар күтеміз.

Ұйымдастыру комитеті.

Редакцияның мекен-жайы:

тел.: 54-47-65, эл. пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертхана меңгерушісі – Байсаринова Назира Нұрғұмарқызы

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Институт тарихы залының ашылуы – басым жоба
Яндекс.Метрика