Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Институттың республикалық журналы жаңа авторларды күтуде

Институттың республикалық журналы жаңа авторларды күтуде

2001 жылдың маусым айында Біліктілікті арттыру институтының "ШҚО педагогика жаршысы - ШҚО Педагогикалық хабаршы" журналының бірінші нөмірі шықты. Қазіргі таңда "ШҚО педагогика жаршысы - ШҚО Педагогикалық хабаршы" журналы педагогиканың өзекті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік басылым.

Өңірдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарын, республиканың, облыстың, білім беру ұйымдары мен педагогтарының инновациялық тәжірибесін ұсынатын ғылыми-әдістемелік материалдарды қамтитын басылым. Он жеті жыл ішінде журнал алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу және көпшілікке тарату бойынша басты алаңдардың бірі болды. Жыл сайын жас, шығармашылық педагогтар қатарынан журналдың үздік авторларының деректер банкі толықтырылады.

Суретте: Өскемен қаласының "№ 37 жалпы орта білім беретін көп салалы орта мектебі" КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сафонова Анастасия Владимировнаға, курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі Байсаринова Назира Нургумаровна басылымға жариялау мәселелері бойынша кеңес беруде.

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Институттың республикалық журналы жаңа авторларды күтуде
Яндекс.Метрика