Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Мерзімді басылымдар - кәсіби коммуникацияның маңызды нысаны

Мерзімді басылымдар - кәсіби коммуникацияның маңызды нысаны

Филиал жұмысының басты бағыттарының бірі «ШҚО педагогика жаршысы-Педагогический вестник ВКО» республикалық ғылыми-әдістемелік журналын және «Ұстаз әлемі-Педагогический мир» желілік газетін шығару болып табылады. ШҚО БАИ-ның мерзімді басылымдары педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметінің негізгі бағыттарын, облыстың білім беру ұйымдары мен педагогтарының инновациялық тәжірибесін ұсынатын ғылыми-әдістемелік материалдарды қамтиды. Олар облыс мұғалімдеріне өздерінің жұмыс тәжірибесін ұсыну және әріптестерінің тәжірибесін зерделейтін  алаң ретінде қызмет етеді.

Филиал әдістемелік жарияланымдардың авторы болып табылатын педагогтармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өскемен қ. «№11 мектеп–лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Н.С. Скоснягина орыс тілі сабақтарында критериалды бағалау технологиясы бойынша педагогтармен өз білімі мен тәжірибесімен бөліседі (жұмыс өтілі-10 жыл). Надежда Сергеевна- шығармашыл педагог, 2018 жылы «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының қатысушысы.

Суретте: МДТжТӘ кафедрасының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу зертханасы меңгеруші Байсаринова Назира Нұргумаровна және Өскемен қ. «№11 мектеп–лицей» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Скоснягина Надежда Сергеевна.

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Мерзімді басылымдар - кәсіби коммуникацияның маңызды нысаны
Яндекс.Метрика