Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық жобалары

Технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық жобалары

2015 жылдың 5-15 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Художественное моделирование и дизайн как основа формирования технологической культуры учителя» атты технология пәні мұғалімдеріне арналған курстар өтті.

 Білім беру мазмұнын жаңғырту оқу және тәрбиелеу үрдісінде, педагогикалық теория мен пәндерді оқыту тәжірибесінде жаңа тиімді технологиялық көзқарастарды талап етеді.

Осы курстарда жаңа, тың тақырыптардың бірі: «Развитие творческих способностей учащихся через создание анимационного фильма» атты жоба бастамасын алды.

Технология пәнінің мұғалімдері топтық жұмыс үстінде шағын киностудияға бөлініп, мультипликация жасау жолдарымен танысты. Курс соңында әр топ өз жобасын қорғап, түсірген анимациялық мультфильмдерін көрсетті.

Заманауи өнердің бір түрі ретінде мультипликацияның педагогикалық маңыздылығы – оқушыларды кешенді дамыта оқыту мүмкіндігінде. Сонымен қатар мультипликация мүмкіндігінше ересектер мен баланың арасын жақындатуда өзінің қайталанбастығы және қолжетімділігімен өте маңызды құрал. Мультипликация арқылы оқушылардың білім алу үрдісі қызықты да тартымды қарым-қатынас алаңына айналады. Мультипликациядан алатын жағымды әсерді оқушылардың ойлау қабілеттерін ашу, шығармашылық шабытын дамыту жолындағы керемет құрал ретінде пайдалануға болады.

Технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық жобалары http://ipkvko.kz/ru/index.php/uchiteluсілтемесі бойынша «Мұғалімге» атты бөлімде орналастырылған.

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Технология пәні мұғалімдерінің шығармашылық жобалары
Яндекс.Метрика