Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Мұғалімдер мен тренер арасындағы ынтымақтастық – жаңартылған білім беруді табысты іске асыру кепілі

Мұғалімдер мен тренер арасындағы ынтымақтастық – жаңартылған білім беруді табысты іске асыру кепілі

2017 жылдың 7 сәуірінде  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тренерлері Т.А.Саблукова,  Ш.С.Ибраимова,  А.К. Жаманкулова Шемонаиха ауданының педагогтеріне арналған қысқа мерзімді жоспарлау, оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау туралы кеңес өткізді.

 

Кеңеске ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында Шемонаиха ауданының курстан өткен орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі, математика және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Кәсіби кеңес барысында мұғалімдер қысқа мерзімді жоспарлаудыңөзекті меселелерін талқылады және оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Кеңес соңында   қатысушылар ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда мұғалімдер мен тренер арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын алға тартып, тренерлер тарапынан көрсетілген  кәсіби кеңестерге  ризашылықтарын білдірді.

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Мұғалімдер мен тренер арасындағы ынтымақтастық – жаңартылған білім беруді табысты іске асыру кепілі
Яндекс.Метрика