Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Курстан кейінгі ілеспелеу және тәжірибе алмасу

Курстан кейінгі ілеспелеу және тәжірибе алмасу

2017 жылдың 3 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  ШҚО бойынша ПҚ БАИ  «Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы  Р.Е.Нургалиев «География» пәні бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Өскемен қаласы мектептерінің мұғалімдерімен кездесті.  Курстан кейінгі жұмыстары жайлы пікір алмасып және 7 сыныптың география оқулығының авторы Нуркенова Сайран Ескендировнамен пән оқытушылары кездесті.

 

Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсын өткен  география және жаратылыстану пәні мұғалімдері

Н.Исина, Г.  Ахметова, Г.Ниязова және т.б. мұғалімдер  кездесіп сұхбаттасты.

Кездесу   орта білім мазмұнын жаңарту курстарынан өткен  мұғалімдерге 1 тоқсанды қалай аяқтағаны бойынша және жиынтық бағалауды қалай өткізгендері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

Шара барысында педагогтер бөлім бойынша жиынтық бағалауды қалай өткізгендері жайлы әңгімелесті.  Оқушылар жиынтық бағалауды 1 тоқсан бойынша пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Сондай-ақ,  жаңа оқулықтар бойынша   7 сынып «Атамұра» 2017 ж баспасынан шыққан «География» оқулығының авторы С.Е.Нуркеновамен   кездесті. Жаңартылған білім беру жүйесін енгізу тұрғысынан сабақты жоспарлау мен және өткізу бойынша мұғалімдердің туындаған сұрақтарына кеңестер тренер тарапынан кеңестер берілді.

Жалпы кездесу барысында әріптестер өздерін толғандырып жүрген және бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалауда қиыншылық туғызған мәселелер бойынша қосымша көмектер берілді.

Осындай кездесулер жиірек ұйымдастыруды қажет екенін мұғалімдер атап өтті.  

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Курстан кейінгі ілеспелеу және тәжірибе алмасу
Яндекс.Метрика