Web
Analytics
"Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ - Тренер мен мұғалім арасындағы кері байланыс жалғасуда

Тренер мен мұғалім арасындағы кері байланыс жалғасуда

2017 жылдың  09  қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың «Білім беру сапасы мен басқару» кафедрасының аға оқытушысы   А.Сейлхан   Тарбағатай ауданының «Билялов атындағы гимназия» КММ-сі базасында ауданның мектеп  мұғалімдері мен психологтеріне  «Критериалды бағалау және құжаттармен жұмыс»  тақырыбындаақыл-кеңестер берді.

 

Жаңартылған білім беру бойынша тренер Айгүл Қауатайқызы  мұғалімдер мен психологтермен кездесуін  оқушылардың оқу жетістіктерін  критериалды бағалау арқылы жүзеге асыруда реттеуші құжаттарды рәсімдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізді.

Кеңес беру барысында педагогтер жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жаңа білім беру ресурстары: жалпы орта және негізгі мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша және білім беру ұйымдарында оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықтармен танысты және өз пікірлерін де ортаға салып отырды.

Кездесу нәтижесінде оқушылардың оқу жетістігін бағалауда құжаттармен жұмыс бойынша тәжірибелік көмек және әдістемелік қолдау көрсетілді. Сонымен қатар,  педагогтер тренер тарапынан критериалды бағалауды жүзеге асыру бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға нақты жауап алды. 

Вы здесь: Home Мұғалімге Жаңалықтар Мұғалімге Тренер мен мұғалім арасындағы кері байланыс жалғасуда
Яндекс.Метрика