Зертханалар

Зертханалар біліктілікті арттыру саласына жұртшылықтың назарын аудару және сенімін қалыптастыру үшін; біліктілікті арттыру жүйесінің ашықтығы және біліктілікті арттыру шеңберінде мұғалім мамандығының беделін арттыру үшін отандық және шетелдік тәжірибе, IT-технологиялар, ұйымдармен және БАҚ-пен серіктестік қарым-қатынас түрлерін, әдістерін, құралдарын пайдалана отырып, курстан кейінгі қолдауды қамтамасыз етумен және инновацияларды енгізумен айналысады.

Зертханалар курстан кейінгі қолдауды қамтамасыз ету және инновацияларды енгізу үшін кафедра, филиал бар қажетті ақпаратқа еркін қол жеткізуге құқылы.

Зертханалардың міндеттері мен қызметтері

  • Кафедраның іздеу тақырыбы бойынша курстық іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру.
  • Облыстың педагог кадрларын курстан кейінгі қолдауды инновациялық – әдістемелік қамтамасыз ету жағдайын зерттеу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
  • Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және басқа да курсаралық іс-шаралар ұйымдастыру.
  • Кафедра оқытушыларымен бірге цифрлық білім беру ресурстарын, бейне роликтерді әзірлеу.
  • Пиар-кампания өткізу арқылы кафедра имиджін құру, кері байланысты қадағалау, негативті жою.
  • Зертханалар мен кафедраның курстан кейінгі кезеңдегі әдістемелік ұйымдармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету.
  • Білім беру үдерісіне заманауи инновациялық-ақпараттық технологияларды енгізу бойынша кафедра қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
  • Курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру, үздік инновациялық тәжірибені тарату, оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беру жүйесінің өзекті мәселелері бойынша курсаралық іс-шаралар өткізу бойынша ұсынымдар әзірлеу.
  • Кафедра қызметінің негізгі бағыттары бойынша конференциялар, конкурстар, семинарлар материалдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, біліктілікті арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар мен материалдарды және ғылыми ақпаратты жариялауға дайындау .
  • Кафедра қызметінің негізгі бағыттарын жетілдіру мақсатында филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау.
  • БАҚ арқылы филиалдың білім беру саясатын жүзеге асыру, баспа басылымдарында жариялау, өз қызметін әлеуметтік желілерде, сайттарда жариялау және т. б.

Курстан кейінгі қолдау және әдістемелік сүйемелдеу зертханасы

Педагогикалық инновациялар және курстан кейінгі қолдау зертханасы