Тема *
Имя *
Эл. почта *
Сообщение *
Код-картинка * Captcha-изображениеПерезагрузить картинку
   
 

Тилеуханова Меруерт Тилеухановна: Биология пәнінде модельдеу әдістерін қолданудың тиімділігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес 16-17 қаңтар күндері «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында (Алматы қ.) дәстүрлі «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсы өткізді. Осы конкурстың қалалық кезеңінен I-орын, облыстық кезеңінен I-орын және Республикалық кезеңінен Дарын РҒПО грамотасымен марапатталдым. Осы конкурска бағыттап, себепші болған "Өрлеу" АҚ филиалы ШҚО бойынша ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова Г.И. болды. Осындай білімі мен біліктілігі жоғары тренерге және әкімшілік ұжымына алғыс айтамын. Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер!

24.01.2019

Меруерт Тилеуханова: Биология пәнінде моделдеу әдісін қолданудың тиімділігі

Мен Семей қаласы, Знаменка жалпы орта білім беретін мектебінің биология және география пәні мұғалімі Тилеуханова Меруерт Тилеухановна 2017 жылдың сәуір айында биология пәнінен жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктілікті жоғарылату курсынан оттім. Курсқа жетекші болған "Өрлеу" АҚ филиалы ШҚО бойынша ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова Гулмира Ыдырышевна болды. Осындай білімі мен біліктілігі жоғары тренерден тәлім алғаныма өте қуаныштымын. Гулмира Ыдырышевнаның бағыттауымен Биология пәнінен модельдеу әдісін қолданудың тиімділігі тақырыбында жұмыс жасап,ҚР білім және ғылым министрлігінің және "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық педагогикалық идеялар конкурсының қалалық кезеңнен 1-орын,облыстық кезеңнен 1-орын және 16,17қаңтар күндері Алматы қаласында Республикалық кезеңнен Кәсіби шеберлігі үшін марапатына ие болдым. "Өрлеу" АҚ филиалы басшылығына және Жақсылықова Гулмира Ыдырышевнаға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Еңбектерінізге жеміс, дендеріңізге саулық тілеймін.

19.01.2019

Педагоги Акмолинской области: Благодарность Арзанбаевой Бахытжамал Оразгалиевне

Что можно сказать о преподавателе? Это творческий, знающий, умеющий увлечь за собой слушателей человек. Она дает самое главное, что должен знать слушатель курсов. Все лекции строит на активных формах обучения. За это время мы узнали много нового, а то что знали, можем эффективно использовать в своей работе. Бахытжамал Оразгалиевна вселила в нас уверенность, что мы добьемся успеха в нашей педагогической деятельности, сможем правильно обучать наших малышей по-новому, используя в работе только эффективные формы работы. С курсов мы уходим с большим багажом знаний, с копилкой методических приемов и стратегий. Сердечно благодарим Вас за огромный педагогический талант, высочайший профессионализм, целеустремленность, душевную щедрость и кропотливый тренерский труд. Ваше терпение, отзывчивость, чуткое отношение и способность увлечь слушателей, открывая им много нового, вдохновляют на новые победы. Желаем Вам крепкого здоровья, благополучия и счастья. Пусть приумножается Ваш талант, а подаренная вами доброта вернется к Вам приумноженной.

27.12.2018

Нуркенова Галия Ашкеновна: Инклюзивті оқыту курсы

«Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы ББСжБ кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Нуртазина Еркежан Муратовнаның курсты өткізу жұмысына ПІКІР «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз» - деді Елбасы Н Ә Назарбаев. «Қазақстан жолы -2050 : бір мақсат, бір мүде, бір болашақ» атты жолдауында айтылғандай инклюзивті білім беру – барлық балаларға екенін ескере отырып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы Акционерлік қоғамы ББСжБ кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Нуртазина Еркежан Муратовнаның басшылығымен желтоқсанның 10-21 аралығында Семей қаласындағы № 17 орта мектепте «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбындағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдеріне, мектеп психологтеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті. Курс бағдарламасының мақсаты : инклюзивт оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Осы мақсатты орындауда аса қажет болып отырған инклюзивті оқытудың принцптері, Қазақстандағы инклюзивті оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу жоспарының түзету компоненттері, Блум таксономиясы функционалдық сауаттылықты дамытудағы оқыту жетістігін бағалаудың әдіс- тәсілдері, ерекше оқытуды қажет ететін балаларға жеке білім беру маршрутын құрастыру мен жүзеге асыру, ақыл-ойы бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар, көру қабілеті бұзылған, есту қабілеті бұзылған, сөйлеуі мен тілінде бұзылыстары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған ерте жастағы аутизмі бар балаларды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталып педагогтар мен психологтарға қысқа мерзімді жоспарды жасау, тапсырмалар мен түзету жаттығулары бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Курс тренері Е.М. Нуртазина жоғарыдағы тақырыптар бойынша дәрістерін шеберлікпен үйрете білді. Нағыз өз ісінің шебері, әр дәрісін түрлендіріп, жаңаша өткізіп, кәсіби маман екенін көрсетті. Қаншама материалдар: аудио- видео, брошюралар, таратпа материалдар, үлгілер схемалар т,б қажетті құжаттарды алдық. Алған білімімізді жас ұрпаққа сапалы білім беруге жұмсамақпыз. Сондықтан да Еркежан Муратқызына алғысымыз шексіз. Еңбегіне сәттілік тілеп, жаңалықтың жаршысы болып жүре беруіне тілектеспін. Біз үшін таптырмас,табылмас мол қазынаға ие болғанымызды сезіндік . ШҚО «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру орталығына курс тыңдаушыларының атынан алғыс білдіреміз. Пікір білдірушілер: «Семей қаласы

19.12.2018

Нуралина Сандугаш Жумабековна: Биология кабинетіндегі модификацияланған құралдармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру

Біз 2018 жылдың 29-қазанынан 03-қараша аралығында біліктілікті арттыру курсынан өттік.Курсқа жетекші болған "Өрлеу" АҚ филиалы ШҚО бойынша ТТжӘ кафедрасының аға оқытушысы Жақсылықова Г.И. .Курс трененірінің жоғары тәжірибесі мен біліміне тәнті болып, өзіміздің қоржынымды білім жаухарымен толтырып қайттық.Гүлмира Идришовна бізге жаңаша оқыту мазмұны турал, жаңа модификациялық кабинеттердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану және зертханалық жұмыстарды жаңаша, заман талабына сай ұйымдастыру туралы толық мағлұмат берді. "Өрлеу" АҚ филиалы қызметкерлерінен жұмысқа қажет құралдарды дер кезінде алып отырдық. "Өрлеу" АҚ филиалы педагогтарына және басшылыққа ұлкен алғысымды білдіргім келеді.

02.11.2018

 

Powered by Phoca Guestbook
Вы здесь: Home Отзывы и предложения!
Яндекс.Метрика