Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын

Мен бүгін 09-13 наурыз аралығында өткен «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім берудің жаңартылған мазмұнын іске асыру жағдайында инклюзивті білім беру» атты біліктілікті арттыру курсынан алған әсерлеріммен бөліскім келіп отыр. Жалпы орта мектепте қызмет еткеннен кейін кей кездерде инклюзивті оқытудың қыр-сырын жетік біле бермейміз. Алдымызға келген ерекше қажеттілігі бар балаға педагог ретінде көмектесуге тырысамыз, бірақ неден бастарымызды білмей, қандай құжаттар жүргізу керектігін, қай әдіс-тәсілдің тиімді екендігін толық түсінбей қиналатынымыз шындық. Міне, осы бір өзекті сұрақтарға толыққанды жауап алып, инклюзивті білім берудің ерекшеліктерінің бүк-шігін ажыратып берген 5 күндік курсты жоғары деңгейде өтті деп айтар едім. Курсты ұйымдастырып отырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БА институтына, соның ішінде курс жетекшілігін атқарған Н.А. Жанузаковаға айтар алғысымыз шексіз. Надия Ахметказиевна өзінің құзыреттілігін, ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін көрсете отырып, курс тыңдаушыларының қажетін қанағаттандыра алатын білікті де білімді, тәжірибелері мол дәріскерлерді шақырып, курстың әрбір күнінің жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті. Атап айтатын болсақ, Л, Б Ниязбаева, өз тәжірибесіндегі әдіс-тәсілдерімен бөлісуі, «Ақниет» балаларды оңалту орталығының Л. М.Жалаушинова, нормативтік құжаттар, ерекше қажеттіліктері бар балалардың кемістігі мен психологиялық ерекшеліктері туралы дәрістері, А.А.Ислямова курс тыңдаушыларын топқа бөле отырып, курс тақырыбы төңірегінде сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік беруі — курстың қызықты, құндылыққа толы болып өтуіне септігін тигізді. Ендігі біздің, осы курс тыңдаушыларының мақсаты — осы курстан алған білімдерімізді пайдалана отырып, ерекше қажеттілігі бар балаларды тұлға етіп тәрбиелеп, қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесуіміз керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

три × 4 =