Курстан алған әсерім

Шағын жинақталған мектеп мұғалімі ретінде 12.04.2021-23.04.2021 жыл аралығында «Өрлеу» БАҰО»АҚ ШҚО ПҚ БАИ ұйымдастырған «Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру» тақырыбындағы курсқа қатысып, өз білімімді жетілдірдім. Курсқа қатысудағы негізгі мақсатым –шағын жинақталған мектептердің мұғалімдеріне арналған білім беру бағдарламасын жете меңгеріп, оқытудың активтік және интерактивтік формалары мен әдістерін пайдалануды, ІТ құзыреттілігімді дамыта отырып, цифрлық технологияларды педагогикалық іс – тәжірибемде қолдану. Курс барысында оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, функционалдық сауаттылықтарын, оқу жетістіктерін жүйелі, тиімді бағалау төңірегінде тәжірибе алмастық. Педагогтардың ІТ құзыреттілігін дамыту модулін зерделеу бойынша әріптестерімізбен кең көлемде жаңа мағлұматтарға ие болдық. Ендігі мақсатым осы алған білімімізді тәжірибеде қолдану. Білімді де білікті, өмірден өз орнын таба білетін, алған білімін күнделікті тұрмыста іске асыратын жан-жақты тұлға тәрбиелеу. Осы орайда оқытудың мақсатын түсіндіріп, өзінің тәжірибесінен түрлі оқыту әдістерін көрсетіп,алдағы оқу күндерімізге сәттілік тілеп, шабыттандырып отырған аға оқытушымыз Ажар Аманқызына және осы курсты ұйымдастырып отырған «Өрлеу»БАҰО»АҚ ШҚО ПҚ БАИ-на өзімнің және әріптестерімнің атынан алғысым шексіз. Курс мазмұны өте тиімді, жаңа ақпараттық сипатқа ие өзекті тақырыптармен қамтылған. Вариативтік модулдің тақырыптары шалғай ауылда қызмет етіп жүрген ұстаздардың кәсіптік қиындықтарын шешуге оң ықпалын тигізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

3 × 2 =