Пікір

01.03.2021-05.03.2021 ж. Аға оқытушы тренер жетекшіміз Апселемова Гульнар Дуйсембековна «Қосымша білім беру педагогтерінің кәсіби қызметінде IT құзіреттілігін жетілдіру» тақырыбындағы курсты өткізу барысында тақырыпқа сай, жаңа заманауи ақпараттық технологиялардың қазіргі заманда бізге берер пайдасы мен зияны жайлы өте тың, ауқымды жаңалықтарды білім беру үрдісінде білімін жетілдіруші педагогтарға жан-жақты жүйелі түрде үйрету мақсатында өзінің жасаған жұмыстарымен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.Сонымен қоса IT маман жетекшісі Нұржан Слямханұлының берген дәрістерінің бізге берері өте көп болды. Күнделікті пайдаланып жүрген қарапайым ұялы телефонның кейбір біле бермейтінін тұстарын түсіндірумен бастап, білім алушыларды қашықтықтан оқыту үшін сабақ құрылымын қандай бағдарламалармен жасауға болатыны жайлы көптеген қызықты ақпараттарды жай таныстырып қана қоймай, бізге сол бағдарламаларды қалай пайдалану керектігін жан-жақты үйретіп, алған білімімізді толықтыру мақсатында үй тапсырмасын қоса беріп, кері байланыс жасатып отырды. Курс соңында берілген тақырыптар бойынша жобалар қорғап, жақсы нәтижесін көрсеттік.Курс өте қысқа мерзімге жоспарланғандықтан әлі де көптеген ақпараттарды ала алмадық па?- деген ойдамыз.Сондықтан осындай ауқымды тақырыптарға құрылған курстарды тым болмаса он күнге ұзартып оқытса деген пікірімізді айтқымыз келеді. Сіздерге көп рахмет, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − семь =