Тренерлерге алғыс

Ақпанның 22-нен 26-на дейінгі аралықта «Өрлеу»БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту»тақырыбындағы педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы өткізілді.Курсты ұйымдастырып,өткізген жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,ф.ғ.к Курманова Жупар Сакановна.40 сағаттық курс барысында өзіме қажетті,күнделікті сабақты өткізу барысында қеректі,құнды материалдармен таныстық.»Қайталау-оқу анасы»дегендей,ұмытқанымызды қайтадан есімізге түсіріп,жаңғырттық,білмегенімізді ойымызға түйіп алдық.Сабақ барысында әсіресе графикалық органайзерлерді ұтымды пайдалану туралы мәліметтері өте ұнады.Сонымен қатар,әр сабақтың өз мақсатына жетуі үшін,міндетті түрде сабақ соңында кері байланысты ұйымдастатыру керек екендігін әсте жадымыздан шығармау керек екендігін ұғындық.Сабақтың өн бойындағы басты мақсатымыз-оқу мақсатына жету жолындағы тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдай білу керек екендігін білдік.Қысқартылған сабақ жоспарын блум таксономиясына сала білуді үйрендік.СТО технологиясының рөлі,топтық жұмыс,саралап оқыту әдісі туралы бұрын білмеген талай мәліметтермен таныстық.Қолдауды көп қажет ететін оқушылармен және ЕҚБ баламен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдерімен таныстық.Сонымен қатар кіші жоба жұмысы туралы бұрын білмейтін әдіспен таныстық.Курсқа қатысқан мұғалімдерге осы әдіс-тәсілдер өте ұнады.Курс барысында осы кафедраның аға оқытушысы Сейтқазина Рысгүл Сейтбековна да өте құнды сабақтар жүргізді.Рысгүл Сейтбековнаның арқасында «Педагог мәртебесі»туралы біршама мәліметтер алдық,оның бүгінгі күнде қалай іске асып жатқандығын өмірден мысалдар келтіре отыра дәлелдедік.Сонымен бірге критериалды бағалау туралы,»Күнделік.kz»туралы және мектепке қатысты түрлі сайдтар турады(Білім лэнд,дарын т.б) құнды ақпараттармен танысырып өтті.Осы танысытырылымдарын біздің ортақ чатқа салып,материалдарымен бөлісіп отырды. Жалпы,сыныптағы оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында қолданылатын түрлі әдіс-тәсілдермен танысқанымызға,осындай мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткенімізге қатты разы болдық.Курс соңында әр мұғалім өздері әзірлеген 5-7 минуттық таныстырылымымен сабақты қорғап шықты.Әр мұғалімнің қмж-сы өте қызықты,терең мағыналы құрылған екен.Оған бір жағынан Жупар Сакановнаның қойған талаптарының ықпалы да шығар деп ойлаймын.Осындай әсерлі,пайдасы мол курсты ұйымдастырған Курманова Жупар Сакановнаға және кафедраның аға оқытушысы Сейтказина Рысгүл Сейтбековнаға көп рақмет айтқымыз келеді!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 − 2 =