Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы ұйымдастырған конкурсының қорытындысы

«Шығыс Қазақстан облысының Білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Әр отбасында – өз батыры» атты облыстық шығармашылық конкурс ұйымдастырып, өткізді.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді: ең үздік шығарма, ең үздік өлең, ең үздік эссе.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-ның қызметкерлері конкурс туралы ережеде сипатталған критерийлер негізінде конкурстық комиссия ұсынған бағалар нәтижелеріне сәйкес «Үздік шығарма» мадақтамаларымен және ақшалай сыйлықтармен В.М.Тлеубердинова – ІІ орын, Р.С.Чекетаева – ІІІ орын иеленсе, «Үздік эссе» номинациясы бойынша М.З.Батырханова және А.А.Ислямова – «Үздік шығарма» номинациясы бойынша сертификаттармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Кәсіподақ ұйымына рахмет!