Қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділігінің алдын алу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ИББжАТ кафедрасының аға оқытушылары Ж.Е.Хамзин мен А.А.Ислямова 2020 жылғы 14 қазанда «Қашықтықтан оқыту жағдайында балалар мен жасөспірімдердің интернет тәуелділігінің алдын алу»тақырыбында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған  on-linе  тәртібіндегівебинар өткізді.

Облыстық вебинар жұмысында балалар мен жасөспірімдердің ұялы телефонға, теледидарға және ғаламторға тәуелділігі мен оның алдын алу жолдары, оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын ескере отырып, тиімді оқу платформасын пайдалану (қолдану), қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың интернет желісін тиімді пайдалануы жөнінде педагогтер мен  ата-анаға кеңестер берілді: Жасөспірімдердің интернет тәуелділігінің алдын алу және одан құтқару жолдары  (іс-тәжірибемен бөлісу)  бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.