Менің мектебім – жаңа заман мектебі

Жалпы пән мұғалімдеріне арналған “Менің мектебім – жаңа заман мектебі” облыстық on-line байқауының нәтижелері шығарылды. Байқау “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын, “Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілді.

Байқау аясында қатысушылар орта білім беру қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін таратудың әртүрлі формаларын ұсынды

Конкурс жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды:

I дәрежелі диплом:

1. Рахат Нұрүстем Тілеуғазыұлы, «Менің мектебім – жаңа заман мектебі», ШҚО, Абай ауданы, Кенгірбай би ауылы «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі.

II дәрежелі диплом:

1. Абишева Бактыгайша Турсыновна, математика пәнінің мұғалімі, Асанова Эльвира Бауыржановна, биология пәнінің мұғалімі, Кудайбергенова Кымбат Советкановна математика пәнінің мұғалімі, «Мұғалімнің кәсіби дамуы – мектептің жаңаруының негізгі кепілі», «№38 жалпы білім беретін мектеп-лицей» ММ;

2. Архыматаева Арай Жаксылыковна, биология пәнінің мұғалімі «Биология пәні сабақтарында ұлттық ойындарды заманауи әдістемелік тұрғыда қолдану», «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ.

III дәрежелі диплом:

1. Абдрахманова Жанат, биология пәнінің мұғалімі , Каримова

Салтанат Кенесхановна, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері, «Тәрбиеге негізделген білім», Семей қаласының «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

2. Курмашева Алмагуль Амантаевна, бастауыш сынып мұғалімі, «Менің мектебім –жаңа заман мектебі», «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Байқаудың қалған қатысушыларына қатысу туралы сертификат беріледі. Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға кәсіби жетістіктер тілейміз!