Мұғалімнің кәсіби шеберлігі және мектептердегі оқыту сапасы

2021 жылдың 16 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрайымы Әсел Зейнуловна Мұхаметжанованың және шақырылған спикер Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің қауымдастырылған профессоры Дуйшон Алиевич Шаматовтың қатысуымен тікелей эфир өтті.

Әңгіме барысында білім беру жүйесіндегі мұғалімнің рөлі, мектептердегі пәндерді оқыту сапасы және жас мұғалімдер кездесетін қиындықтар туралы мәселелер талқыланды.

Дуйшон Алиевич әр мұғалім өзінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, тиімді жұмыс істеуі керек, тек осындай мұғалімнің шәкірттері жақсы нәтиже беретінін атап өтті. Тиімді оқыту – бұл оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ғана емес, сонымен қатар қойылған міндеттерді шешуде бірегей тәсілдерді қолдана білу.

Профессор соңғы зерттеулердің мәліметтерін келтірді, бұл оқушылардың өздері оқи бастаған кезде материалды жақсы игеретіндігін көрсетеді: талдау, зерттеу, ашу, салу т.с.с. яғни, әлемді сөздің шынайы мағынасында білу.

Толығырақ сілтеме бойынша YouTube арнасынан көре аласыз

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

13 − nine =