Ынтымақтастық аясындағы кездесу

Әріптестік қатынастарды жетілдіру және облыстың тірек білім беру ұйымдарымен ынтымақтастықты дамыту мақсатында курсаралық кезеңде 2021 жылдың 19 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ (директордың м.а. Жуманова Г.С.) Глубокое ауданының №1 Белоусов орта мектебінің Әкімшілігімен (директоры-Карибаева М. К.) кездесу өткізді.

П.ғ.к. Г.С.Жұманова қонақтар үшін «Мұғалімдер үйі» ғимараты бойынша экскурсия өткізді, онда оларды Maker Space кабинетінің, ақпараттық-әдістемелік орталықтың, БАИ тарих залының және бейнестудияның жабдықталуы мен мүмкіндіктерімен таныстырды.

Кездесу барысында қатысушылар педагогтердің біліктілігін арттыру, тәлімгерлік, бейнесабақтар, жобалар жасау және т. б. өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында, одан әрі ынтымақтастыққа ынталы қатысушылар бірлескен қызмет педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға оң ықпал ететінін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

9 + 6 =