Айдың үздік қызметкері

2021 жылдың 04 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында «Айдың үздік қызметкері» байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы –  Щеглов Сергей Геннадьевич болды.

Комиссия мүшелері Сергей Геннадьевичтің РФ жоғары оқу орындарымен халықаралық бейнемост өткізуге белсенді қатысуын ерекше атап өтті. Осы қатысудың нәтижесі меморандум жасасу болды.

Сергей Геннадьевичті «Айдың үздік қызметкері» атағын алуымен құттықтаймыз!

 Сізге шығармашылық табыстар тілейміз!