Айдың үздік қызметкері

2021 жылдың 07 маусымында “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалында “Айдың үздік қызметкері” байқауы өтті. Комиссияның шешімі бойынша айдың үздік қызметкері болып Апселемова Гульнара Дюсембековна – жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, экономика магистрі танылды.

Өткен айда курс қорытындысы бойынша тыңдаушылар тренердің жұмысын ең жоғары 10 баллға бағалады, бұл филиалдың әлеуметтік желілерінде жарияланған оң пікірлермен расталады. Сондай-ақ, республикалық ғылыми-практикалық конференцияға, халықаралық венбинарларға белсенді қатысу атап өтілді.

Гульнара Дюсембекқызын “Айдың үздік қызметкері”атағын алуымен құттықтаймыз!

Болашақта шығармашылық табыс тілейміз!