Айдың үздік қызметкері

2021 жылдың 08 шілдесінде “Өрлеу” БАҰО ” АҚ филиалында “Айдың үздік қызметкері” байқауы өтті. Байқаудың жеңімпазы кадрлық мәселелер бойынша бас маман Құралай Оразбекқызы Кыргышбаева болды. Кыргышбаева К.О. филиалда 2013 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Өзінің лауазымдық міндеттерін жоғары деңгейде, лауазымдық нұсқаулыққа дәл сәйкес орындайды, ынталы және бастамашыл. Кадр қызметі мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға қойылатын талаптарды жақсы біледі.

         Кыргышбаева К. басқарудың толық циклін құрып, “ARTA SYNERGY”платформасында филиалдың электронды құжат айналымы жүйесін оңтайландырды.

Құралай Оразбекқызын “Айдың үздік қызметкері” атағын алуымен құттықтаймыз!

Болашақта шығармашылық табыс тілейміз!