Құрметті әріптестер!

 “Өрлеу” БАҰО ” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 02.09.2021 жылғы № 250 бұйрығына сәйкес филиалдың орынбасары лауазымына Оразова Сән Советбековнаны тағайындалғанын хабарлауға қуаныштымыз.

Сән Советбетбековна – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, білім беру жүйесінде 26 жылдан астам жұмыс істейді.

Өзінің еңбек жолын 1995 жылдың шілде айында Шығыс Қазақстан университетін бітіргеннен кейін, сол университетте Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Осы жылдар бойы Сән Советбековна университетінде жұмыс істеп, түрлі лауазымдарды атқарды. 2018 жылдың қазан айынан бастап филиал директорының орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің білім беру бағдарламаларын әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы болды.

Филиал ұжымы Сән Советбековнаны “Өрлеу” БАҰО ” АҚ филиалы ШҚО бойынша директорының орынбасары болып тағайындалғанына шын жүректен құттықтайды!

Сән Советбековнаға шығармашылық жеңіс табыс тілейміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

15 + 20 =